BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларымен мәдени ағарту бағыты!

2020 жылы 8 ақпанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының 7, 8 оқу топтарымен полиция майоры А.Ақылбекова Қостанай облыстық   Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайына саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: тыңдаушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеу.

Мұражай екі бөлімнен тұрады – біріншісі Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің дәл көшірмесін білдіреді. Оның ішінде жазушының мемориалдық сыныбы және әкімшілік кабинеттері бар. Екінші — екі қабатты ғимаратта киіз үй түрінде екі стационарлық көрме – «Ыбырай Алтынсарин-педагог-ағартушы» және «Қазақстан Республикасының Халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың шығармашылық зертханасы» қойылған.
Мұражай қызметкері Ұлы педагогтың балалық шағы, мұсылман сауатын үйрету, мектеп жүйесі, оның педагогикалық, әдеби және қоғамдық қызметі туралы көптеген қызықты да танымды мағлұматтар айтты.
Өте қызықты, есте қаларлық, үлкен қызығушылық туғызатын іс – шара болды.

7 топ жетекшісі
полиция майоры
А. Акылбекова