BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Арнайы бастапқы даярлық курстарының тәлімгерлеріне сауалнама өткізілді

2019 жылдың 16 қыркүйегінен бастап ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын» жүзеге асыру аясында 180 тәлімгер арнайы бастапқы даярлық курсынан өтуде. Жол картасының үшінші бағытының «Кадрларды іріктеу және даярлау. ведомстволық білім беруді жаңғырту» 14-тармағына сәйкес «Арнайы бастапқы даярлықтың сапасын арттыру» көзделген.
Қазірде Академияның жеке құрамы арнайы бастапқы даярлық тәлімгерлеріне оқу бағдарламаларына сәйкес, сапалы білім беріп, тәжірибелік бағыттағы дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. 2019 жылғы 25 қарашадан бастап тәлімгерлер оқытылған пәндер бойынша сынақтар тапсыруды бастады.
Мамандарды дайындау сапасын қамтамасыз ету саласында Академия қызметінің көрсеткіштерінің бірі – білім алушыларға сауалнама өткізу арқылы жүзеге асырылатын оқыту процесінің әртүрлі аспектілерімен білім алушылардың қанағаттану дәрежесі болып табылады.
Оқу-әдістемелік орталығының оқу сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің қызметкерлерімен арнайы бастапқы даярлық тәлімгерлерін оқыту сапасын мониторингілеу мақсатында 2019 жылдың  27-29 қараша аралығында электронды нұсқада сауалнама өткізілді (сауалнаманың бағдарламасы ОӘО-ның қашықтықтан оқыту тобының аға инженер-бағдарламашысы полиция майоры Т.Т.Жақашевпен дайындалды).

Сауалнаманың мақсаты тәлімгерлерде келесі жағдайларды анықтау және зерделеу:

— сабақтарды өткізу сапасы мен деңгейін;

— оқытушылармен оқытудың инновациялық әдістерін пайдалануын;

— тәжірибелік бейімділікті алу деңгейін;

  • тәжірибелік сабақтарды өткізу мен оқыту үшін жағдайлардың болуы;
  • тәлімгерлерді толғандыратын мәселелер;
  • Академияның материалдық базасымен қанағаттану деңгейін;
  • сабақтарға дайындалу барысында кітапхана қорын пайдалануын.

Сауалнама нәтижесі Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланатын болады.

Оқу сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі