BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Арнайы есеп бөлімінің ерекшеліктері

2019 жылдың 10 қазанында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 3 — 4 курс курсанттары 313 – 413 оқу топтарының «Пенитенциарлық жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыстағы конфликтология» пәндері бойынша  тәжірибелік сабақтарына практикалық қызметкерлер қатыстырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы есеп бөлімінің бас маманы әділет майоры Мустафин Болат Мәуленұлы және Павлодар қаласының АП-162/1 тергеу изоляторы арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет майоры Жанаберген Зарина Маратқызы сабақ барысында курсанттармен өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Болат Мәуленұлы өз қызметін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің комитетінде бастағаны туралы айтып, арнайы есеп бөліміндегі санақ, есептер бойынша мәлімет берді. Зарина Маратқызы өз қызметінің ерекшеліктері  туралы айтып кетті. Ең алғашқы лауазымы тергеуші, содан соң тергеу изоляторында кезекшінің көмекшесі болғаны, қазіргі уақытта тергеу изоляторы арнайы есеп бөлімінің бастығылауазымында қызмет жасайтындығы туралы ақпарат берді. Сабақ барысында курсанттар қызмет барысында кездесетін қиындықтар жайлы, ҚАЖ-дағы артықшылықтар мен қиындықтар, жаңадан болып жатқан өзгерістер туралы сұрақтар қойылды. Өз тарапынан сабаққа қатыстырылған қонақтар курсанттарға ақыл, кеңестерін айтып, оқуда сәттілік тіледі.

Ішкі істер органдарында әлеуметтік
жұмысты ұйымдастыру кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева