BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

«Бір түп алма ағашы»

Ағымдағы жылдың 13 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  кәсіби даярлық факультетінің 2- курс курсанттары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық  қазақ драма театрына барып, «Бір түп алма ағашы» атты драмалық қойылымын тамашалап қайтты.  Спектакльге бару мақсаты  курсанттардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді дарыту болып табылады.  Қойылымда  отбасының  басындағы  қуанышты жағдайдың үлкен орны толмас қазаға ұшырауы жайлы айтылады. Сонымен қатар ана мен бала арасындағы қарым-қатынас көпке үлгі боларлықтай көрініс тапты.

2-курс курсанты полиция қатарындағы
А. Бакбаева