BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Діни сауаттылық – болашақ кепілі

Қоғамдағы күрделі мәселелердің біріне айналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Қостанай академиясының қабырғасында аталған тақырыпта іс-шаралар жиі өткізіледі.

Курсанттарға тәлім-тәрбие беру, аталған тақырыпта білім беру мақсатында Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі, Нұр-Сұлтан қ. «Әзірет-Сұлтан» мешітінің ұстазы Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлымен, Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Бейсекеев Абзал  Сұлтанғалиұлымен және Академияның Экстремистік идеология бойынша ҚАЖ қызметкерлерін даярлау орталығының бастығы Туйганов Мырзабек Сардарбековичпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында курсанттар дін жолындағы ағаларына қоғамның өзекті мәселесіне айналған, бүгінгі күннің ауыр дерті болып отырған жоғарыда аталған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Мұрат А.
Қылмыстық құқық және жазаны орындауды
ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны