BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА БАҒЫТ

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Қазақсан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жауынгерлік самбодан 1999-2000 жылы туған жастар арасында Қостанай облысының чемпионаты өткізілді. Өңіріміздің елуге жуық таңдаулы балуандары өз өнерлерін көрермендерге паш етті.
Сайыстың негізгі мақсаты Теміртау қаласында өтетін ел чемпионатына іріктеу және де ел ертеңі жастардың бойында спортқа деген құлшынысын оятып, салауатты өмір салтына тарту болатын.
Жарысқа Академия түлектері Нұр-Сұлтан қаласынан келген жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері Қасиет Ғаббас және жекпе-жектен ХДСШ Аманбек Жаманқараев құрметті қонақ ретінде келді. Аманбек бауырымызға 10-16 қыркүйекте Индия елінің Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына жарыс ұйымдастырушылары және спортшылар сәтті сапар мен жеңіс тіледі.
Додамыздың қорытындысы бойынша бас төреші Бағдат Өтенов палуандарымыздың армандары мен мақсаттары үлкен екенін және сол жолда аянбай еңбек етіп жүргенін көріп, дән ризашылығын білдірді. Осы жарысымыздың жеңімпаздары алдағы жарыста облысымыздың абыройын қорғап, өздерінің мықтылығын көрсететініне сенімді екенін айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша:
52 келі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Жилкышбаев Ренат
2 орын – Айтбай Шахзат
3 орын – Әбдіқұл Нұрзат
57 келіде:
1 орын – Бәшір Ғасырбек
2 орын – Жанбуршинов Бекзат
3 орын – Бұхарбаев Данияр, Абу Бейбарыс
62 келіде:
1 орын – Саримсаков Темирхан
2 орын – Жумабеков Нуржан
3 орын – Әлжан Ербатыр, Галибеков Бекжан
68 келіде:
1 орын – Адильханов Манарбек
2 орын – Арыстанов Ерлан
3 орын – Қалила Иманжан, Бекауыс Берік
74 келіде:
1 орын – Сейтмаханбет Рахат
2 орын – Қуандық Ердаулет
3 орын – Нурпейсов Асат, Жаппар Ардақ
82 келіде:
1 орын – Галимов Ансарбек
2 орын – Жарқынбек Бақдаулет
3 орын – Жумагалиев Жалғас, Байділда Мият
90 келіде:
1 орын – Сейдрахманұлы Жұмахан

ЖжДД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Ержан Кабидуллинов