BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

«Заң — мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты»

Елбасымыз өзінің Жолдауында полиция халықты жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдай туғанда адамдарға қол ұшын созатын көмекші болуы тиіс екендігін айтты. Бүгінде тәртіп сақшыларына деген халықтың ой-пікірі әртүрлі болғанына қарамастан, Елбасы қойып отырған талап үдесінен шығып, сын сағатта қоғам тыныштығын сақтап, азаматтардың амандығы жолында жан пида еткен полицейлер де аз емес.
ІІО қызметкерлері өздерінің кәсіби функцияларын орындау кезінде азаматтардың әртүрлі санаттарымен: жәбірленушілермен, куәлармен, күдіктілермен, айыпталушылармен және қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасайды. Полиция қызметкері үнемі қызметтік этикетті, яғни адамдарға деген қарым-қатынастың сыртқы көріністеріне қатысты мінез-құлық ережелерінің жиынтығын сақтауға міндетті.
Кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты азаматтармен қарым-қатынас даулы сипат алады, бұл барлық қызметтің нәтижелеріне теріс әсер етеді. Осы жағдайды ескере отырып, ІІО қызметкерлері әрбір нақты жағдайда өзінің мінез-құлқының оңтайлы нұсқасын таңдап, азаматтармен қарым-қатынаста жеке көзқарас табу керек екендігін түсіндіру үшін мемлекеттік-құқық пәндер кафедрасының оқытушылары сырттай оқыту факультетіне оқуға келген Астана қаласының арнайы жасақ қызметкерлері: полиция капитаны арнайы жасақ инспекторы Алмас Сагитович Дюсековпен және полиция капитаны Марат Акельжанович Бергалиевпен кездесуді ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты болып, тәлімгерлердің алғашқы дайындық курстарды аяқтағаннан кейін ішкі істер органдар қызметкерлері жолына келгеннен кейін кездесетін қиындықтарды оны шешу жолдарын білу үшін өткізілді. Этикалық кодексті ұстану және халықпен дұрыс сөйлеу мәңерлігін ұғыну болды.

МҚП кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Б. Бузаканова