BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Кафедрадағы тәлімгерлік жұмыстың рөлі туралы

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
А. Македонский

ІІО-ғы тәлімгерлік, милиция болып құрылғаннан бастау алады және өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында ІІО-ғы тәлімгерлік туралы ведомстволық ережесі түрінде бекітілді.
Тәлімгерлердің басты мақсаты өзіне сеніп тапсырылған жас маманға, болашақта кәсіби, білікті және заман талабына сай қажетті қабілеттер мен қасиеттерді бойына сіңіру болып табылады.
Тәлімгер болу оңай іс емес, себебі ол өз кезегінде жас маманға мамандықтың қыр-сырын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тәлімгердің өзі ІІО-ның қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай бола отырып, үлгі көрсетуі қажет.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасындағы тәлімгерлік жұмыс өз деңгейінде жүргізілуде. Оған дәлел ретінде кафедрада көп жылдық тәжірибелік және оқытушылық қызметте тәжірибелері бар – заң ғылымдарының кандидаты отставкадағы полиция полковнигі Слепцов Игорь Викторович, полиция полковнигі Эсов Бауыржан Кашкенович және полиция полковнигі Шалгимбаев Марат Хайдарович сынды қызметкерлерді айтуға болады.

Тәжірибе көрсеткендей, ведомстволық білім берудің маңызды тапсырмасының бірі – заман талабына сай болашақ ІІО қызметкерлерін даярлап шығару. Ал, бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін оқытушылардың дәрежесі де айтарлықтай жоғары деңгейде болуы керек.
Кафедрадаға жаңадан келген қызметкерлер жаңа қызметке бейімделу барысында және өзіне қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, тәжірибелі, білікті оқушылардың сабақтарына қатысады, сол оқытушылармен әзірленген материалдарды зерделейді және ауызша кеңестер алып отырады. Ал, тәлімгерлер өз кезегінде жас мамандарға тек қана кеңес беріп қоймай, уақыт өткен соң сол оқытушылардың сабақтарына қатысып кері байланыс орнатып отырады. Бұл әдіс жас мамандардың дер кезінде жіберген кемшіліктері мен қателіктерін түзетуге және одан ары шыңдалуына оң әсерін тигізеді.
Тәлімгерлік қызметтің маңызды жағы – жас маманның өзінің қызметтік міндетіне жауапкершілікпен, адал қарау қасиетін қалыптастыру. Бұл мәселедегі тәлімгердің басты міндеті, жас маманға ішкі істер органдарындағы қызметтің әлеуметтік-саяси маңызын, өзінің сол қызметке қатысы болғаны үшін мақтаныш сенімін тудыру, өзінің қызметіне деген қызығушылық пен махаббатын қалыптастыру болып табылады.
Атап өтетін тағы бір маңызды бағыт, жас маманның Академияда өткізілетін шараларға белсенді қатысуы, бұл ретте оның жалпы Академия ұжымымен жақынырақ танысып, өзін сол ұжымның толық қанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік туындайды, сонымен қатар бұл негізде тәлімгер мен жас маманның арасында бір-біріне деген сенім пайда болады, нәтижесінде тәлімгердің жас маманды жақынырақ танып, жеке тұлғасын толық зерттеуге қол жеткізеді.
Сөз соңында тәлімгерлер – ішкі істер органдарының кәсіби ядросы деп айтқым келеді. Себебі тәлімгерлік институты жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен кәсіби біліктіліктерін арттырудың бір нысаны болып табылады.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы
және криминология кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г. Кажикова