BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Киім үлгісін бақылау жұмыстары

Қыркүйек  айының  9-ы күні 2- курс жеке құрамы басшылығы курсанттардың киім үлгісін тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде барлық талаптардың дұрыс орындалып жатқандығы жарғыға қайшылықтар келмейтіні анықталды. Болашақ жастардан бастау алатындықтан, олардың денсаулығы, келешек өмірі, офицерлік жолы Академиямен тығыз байланысты болмақ. Сол себепті қазірден бастап Жарғы бойынша дұрыс киінуді, оған қарама-қайшылықтар келтірмеуді курс басшылары түсіндіріп өтті. Болашағы зор, саналы заман құру үшін ең алдымен ел сақшыларына дұрыс бағдар мен жол көрсетуі қажет. Міне, біз де осы мақсатта жұмыс жасап, барша халыққа үлгі болатындай, оның тыныштығын сақтай отырып, ешқандай құқықбұзушылықты болдырмауымыз шарт. Ал, ондай нәтижеге жету үшін, алдымен, өзімізден бастауымыз керек. Сапалы да білімді қызметкер болу осындай киім қағидаларын сақтаудан басталатыны анық. Егер де саламыздағы әр полиция маманы Жарғы бойынша белгіленген заңды сақтайтын болса, онда еліміздің мерейі артып, кемелдене түсетінімізге ешқандай күмән жоқ.

Полиция қатарындағы

2 курс курсанты

Аида Бакбаева