BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Курсанттардың өндірістік тәжірибесі тексерілді

Академияда алған теориялық білімін бекіту мақсатында курсанттар, облыстық Полиция департаменттері мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде диплом алды өндірістік тәжірибеден өтеді.
Тәжірибе мақсаты болашақ мамандығының қыр-сырын ұға отырып, Академия қабырғасындағы алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту болып табылады.
2020 жылғы 10-16 наурыз аралығында Атырау және Маңғыстау облыстарының Полиция департаменттері мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде тәжірибеден өтуші курсанттардың тәжірибеден өту барысы тексерілді.
Тексеріс мақсаты — курсанттардың тағайындалған лауазымдары бойынша бұйрықтарын, күнделіктерінің дұрыс толтырылуын, жұмыс орнындағы күн тәртібін сақтауын тексеру. Сонымен қатар, курсанттарға бірқатар нұсқаулар беріліп, тәжірибе барысын қадағалау тәлімгерлерге тапсырылды.

Қылмыстық құқық және жазаны
орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны А. Мұрат