BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ

2019 жылдың  29 қарашасында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен жеке құрамды, профессорлық-оқытушылық құрамын, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттарын, магистранттарын және арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларын құттықтады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Қазақстанның бірлігін, Ата Заңымызды, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы,  және  халқымыздың  көп жылдар бойы армандап келген тәуелсіздігін ақиқатқа айналдырған тұлға.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Тұңғыш Президентіміз туралы бейнесюжет көрсетіліп, «Елбасы – елімнің тірегі» атты мерекелік концертімен жалғасты.
Мерекелік іс-шара барысында Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов қызметкерлер мен курсанттарды марапаттады.
Сонымен қатар оқуда көрсеткен жетістіктері мен қоғамдық. мәдени-көпшілік шараларында белсене қатысқан курсанттарымыз Академия бастығының грамотасымен, алғыс хатымен марапатталды.
Курсанттар мен қызметкерлер қазақ өмірінде маңызды орын алатын ұлттық домбырада ойнап, мың бұралған биші қыздар би билеп, өлеңдер айтты.

Егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір отансүйгіш азамат кең байтақ Қазақстан елінде тұрғанын мақтан тұтады. Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы  ерекше.  Өйткені, ол болашақ жастардың қолында деп әр жолдауында үнемі айтқан.  Елбасымыздың  жастарға арнап «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып, жыл сайын  жастарымыз әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алып, қарым-қатынаста жүр. Осы таңда ішкі істер органдарында болашақта қызмет ететін полиция қызметкерлерін даярлайтын біздің оқу ордамыздың  әрбір қызметкері мен курсанты өз елін мақтан тұтып, еліміздің одан әрі көркеюі мен жандануына ат салысып,  болашақта егемен еліміздің намысын қорғайтын, парасатты, кәсіби білікті маман болады деп сенемін.
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Баспасөз қызметі