BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Полиция даңқының мұражайына шолу

2020 жылғы 10 ақпанда  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық курсы 2-оқу тобының тыңдаушылары Қостанай облысы бойынша Полиция департаментінің мұражайына барды.
Мұражайдың ашылуы ішкі істер органдарының ардагерлер кеңесі және қала тұрғындарының қолдауымен іске асқан.

Мұражайда түпнұсқа құжаттар, сирек және бірегей суреттер, құқық тәртібі қызметкерлерінің әртүрлі киім нысандары, ардагерлердің төсбелгілері мен жеке заттары ұсынылған. Мұражайды аралау барысында тыңдаушыларға ІІБ барлық басшылары туралы, міндеттерін орындау кезінде полиция  қызметкерлерінің жасаған ерліктері туралы, сонымен қатар жергілікті ішкі істер бөлімін құру және дамыту туралы ақпарат берілді.
Мұражайдың экспозициялары тарихи құндылыққа ғана емес, сонымен қатар қазіргі полицейлер мен жастар үшін тәрбиелік функция мен патриоттық миссияға ие, бұл полицейлердің кәсіби абыройын және қазақстандық полицияның бейнесін арттыруға мүмкіндік береді.

2-оқу тобының кураторы
полиция майоры
А. Танкибаева