BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Полиция кафедрасындағы кәсіби бағдар

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінде әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздарға кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.

Кәсіби бағдар жұмысына Академия бастығы полиция полковнигі Н.А. Биекенов, бастықтың орынбасары полиция полковнигі Е.Т. Каппасов, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Костанай облысы бойынша Полиция департаменті кадр саясаты бойынша бастығының орынбасары, полиция полковнигі Г.Е. Жанабекова, Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімінің бастығы полиция майоры А. Канафин мен әскери бөлім басшылары қатысты.

Мақсат – әскери бөлімде әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға болашақ мамандықты таңдауына бағдар беріп мемлекеттік қызметке орналасуы үшін тестілеу бағдарламасынан өтуіне көмек көрсету және арнайы заңи сабақтарын өткізу.

Сарбаздар мемлекеттік борышын өтеп болған соң жұмысқа орналасуы туралы мәселесі туындайды. Осы мәселені шешудің бір амалы ретінде Қостанай академиясының басшылығы өз шешімін ұсынды.

Ұсыныс бойынша, сарбаздар өз міндеттерін атқарып бітірген соң, мемлекеттік қызметке тұрып Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің қатарына жұмысқа орналасуы үшін арнайы тестілеу бағдарламасынан өтуі қажет. Дәл осы тестілеу сынағынан сүрінбей өтуі мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамымен 6697 әскери бөлімінде сарбаздарға арналған Қазақстан Республикасының Конституциясынан, Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңынан және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінен және өзге де нормативті құқықтық актілерінен арнаулы дайындық сабақтары ұйымдастырылатын болады. Аталмыш іс-шарасы осы уақытқа дейін қолданылмаған және Қостанай академиясымен алғашқы рет полиция кафедрасының аясында жүзеге асырылмақ.

МҚПК аға оқытушысы

полиция капитаны

А. Қаражан