BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

«Психологиялық даярлық» курстары

Бүкіл қылмыстық-атқару жүйенің жұмысы тек материалдық-техникалық және құқықтық негіздердің сапасына ғана емес, сондай-ақ кадр құрамының сапасы: оның кәсібилігіне, біліміне, әлеуметтік және құқықтық қорғауына байланысты болады. Соңғы жылдары біздің елімізде көптеген ресурстар осы мәселелерді шешуге бағытталған, әрине бұл, құқық қорғау жүйесінің мәртебесін көтеруге және қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға септігін тигізеді.
Тіпті кәсібилік жағынан өте жақсы дайындалған қызметкер, егер де оның психикалық қасиеттері — моральдық, эмоционалды, еріктік тұрақтылығы, іс-әрекетке дайындығы жеткіліксіз дамыған болса өз жұмысын тиімді атқара алмайды, Сондықтан қызметкерлердің кәсіби дамуында заң, физикалық және жауынгерлік сияқты психологиялық дайындығы маңызды орын алады.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында мақсаты — қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің психологиялық құзыреттілігін арттыру, оларға нақты психологиялық мәселелерді шешуге көмектесу, қылмыстық-атқару жүйеде тиімді жұмыс істеу үшін психологиялық маңызды қасиеттерді белсендіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйрету болып табылатын ҚАЖ тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастықтарына арналған «Психологиялық даярлық» курстары өткізілді.

Бір апта бойына ҚАЖ жасақ бастықтарына психологияның қыр-сырын үйрететін бір апта бойына тәжірибелік сабақтар, тренингтер, рөлдік ойындар мен жаттығулар өткізілді.
Республикамыздың әр облысынан жиналған жасақ бастықтары Академия профессорлық-оқытушы құрамына алғыстарын білдірді.

Курс соңында Қостанай академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е.Т. Каппасов біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына «Психологиялық даярлық» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курстарын аяқтағаны жайында сертификаттар табыстап, қызметтеріне ақ жол тіледі.

Б. Нуркина
БАжҚДИ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры