BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

«Психологиялық даярлық» — өзекті тақырып

ІІО қызметкері кәсібилік жағынан өте жақсы дайындалған болғанымен, оның психикалық қасиеттері — моральдық, эмоционалды, еріктік тұрақтылығы, іс-әрекетке дайындығы жеткіліксіз дамыған болса, онда ол өз жұмысын тиімді атқара алмайды. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби дамуында психологиялық дайындық маңызды орын алады.
Біліктілікті арттыру институтында осы аптада бақылау қызметінің бөлім бастықтары, орынбасарлары, аға бақылаушылары, қарауыл бастықтары мен корпус бойынша аға қызметкерлер санатына арналған «Психологиялық даярлық» курсы өткізілді.
Курс барысында тыңдаушыларға дәрістік, семинарлық сабақтар, рөлдік ойындар мен тренингтер өткізілді.

Сонымен қатар, тәжірибелік қызметкерлер күндізгі оқыту факультетінің курсанттарының оқу сабақтарына қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Республикамыздың әр облысынан жиналған қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері Академия мұражайына барып, тарихымен танысып, Академия жетістіктерін тамашалап қайтты.

Дәстүр бойынша курс соңында Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі                    А.Ж. Нурушев тыңдаушыларға сертификаттар табыс етті.

Сонымен қатар, Академияның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және тәжірибелік бағыттта оқытуды нығайтуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Балтабаева Гулназ Мұқатайқызы Грамотамен марапатталды.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары Академия басшылығына, профессорлық-оқытушы құрамға және Институт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады.

БАжҚДИ аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
Б. Нуркина