BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Психология апталығы

2019 жылғы 23 – 28 желтоқсан аралығында психологтар күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасы психология апталығын өткізді. Ашылу күнінде кафедра басшысы полиция полковнигі А. Таукенова сөз сөйлеп, курсантар мен оқытушыларға өз ыстық тілектерін білдірді, іс – шара ән айтылып, күй тартылумен өз жалғасын тапты. Апталықтың алғашқы күнінде полиция аға лейтенанты Г.Х.Ахметова «Білім әлемі» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Зияткерлік сайысқа Әлеуметтік жұмыс, педагогика және психология мамандықтарының 4 — курс курсанттары қатысты. Кафедра оқытушылары апталық аясында бірнеше іс – шараларды ұйымдастырып өткізді. Айтар болсақ, полиция аға лейтенанты С.Т. Жумарова 2,3-курс курсанттары арасында «Формула успеха» атты зияткерлік сайысы, полиция капитаны Ж.М.Руденко «Мы одна команда» атты психология және педагогика мамандығының курсанттарына арналған тренинг, полиция майоры Е.С.Федотова «Занимательная психология» атты викторина өткізді. Жалпы психология апталығының басты мақсаты курсантарға психология саласының жаңа бір қырларын таныстыру болды. Қорытынды күнінде қатысқан курсантарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Кәсіби-психологиялық даярлық
және ІІО-ны басқару кафедрасының
оқытушылары полиция аға лейтенанты
Ахметова Г.Х.,
Толыкпаев Е.Ж.