BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Тұңғыш Президент күні

Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Желтоқсан айының алғашқы жұлдызы – еліміздің тарихындағы айтулы күн. 1991 жылдың дәл осы күні қазақ елі өзінің тұңғыш президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлаған болатын. Осы орайда, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларына дәріс оқылды.
Әлемдік қауымдастықтағы халықаралық қатынастарды, экономикада, әлеуметтік салада, және т.б салаларда қол жеткізген қажырлы жетістіктеріміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы.  Кең байтақ елімізде  бірлік пен ынтымақтың сақталуына,  халықаралық аренада беделінің өсуіне зор үлес қосып, елімізді кеңінен танытты.

МҚП кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
С. Утегенова