BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Шығу сабақтарының аптасы

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен күндізгі оқыту факультетінің 3- курс курсанттарының бірнеше оқу тобына 24 қыркүйек пен 2 қазан аралығында сабақ кестесіне сәйкес Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УК-161/1 мекемесіне шығу сабақтары ұйымдастырылды.
Шығу сабақтарының мақсаты курсанттардың алған теориялық  білімдерін тәжірибелік бағытта бекіту, мекеме қызметімен таныстыру болып табылады. Мекеме қызметкерлері курсанттарға мекемені аралатып, әр бөлімнің қызметімен таныстырды.

Сонымен қатар курсанттарға шығу сабақтарынан кейін тәжірибелік қызметкерлермен сабақ өткізілді. Мақсаты – мекемедегі өткізілген шығу сабақтарын одан әрі жалғастыра отырып, курсанттарға тәжірибелік білімдерін жетілдіріп, түсіндіру. Сабақты өткізуге Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі режим және күзет бөлімінің корпус бойынша аға қызметкері, әділет прапорщигі Арысбеков Мұңайтпас Жампазұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі бақылау қызметі бөлімінің тұрғын-жай бақылаушысы, әділет старшинасы Кожариянов Ерлан Сагиевич қатысты.

Курсанттар өткізілген сабақтар нәтижесінде Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі аралас мекемесінің қызметімен танысты. Өткізілген сабақтар курсанттардың көңілінен шықты, сабақ өз мақсатына жетті.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және
криминология кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А. Мұрат