BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК!

2019 жылдың 1 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» акциясы өткізілді. Аталған акцияға Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы белсене ат салысты. Сонымен қатар Қостанай қаласының жоғары оқу орындары да қатысты.
«Жылу сыйла» акциясы аясында тұрмысы төмен, көп балалы отбасына, зейнеткерлерге және қажеттіліктерді қажет еткен жандардың барлығына көмек көрсетілді.
Аталған акцияға қол ұшын берген қызметкерлерге алғысымыз шексіз. Әрқашанда жомарттыққа жақын болып, жақсылықтың жанынан табыла білейік!

КСБ идеологиялық жұмыс бөлімшесінің аға инспекторы
полиция капитаны
Д. Альжанова