BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Ұстаз

Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім,
Шыңға шықсаң қасиетін білесің.
Уақыт өтіп, алыс жақта жүрсеңде,
Құрметпенен алғыс айта жүресің.

Бала күннің өткен талай қыс-жазы,
Есте қалар қамқор болған тұстары.
Сырын берген нұрын берген білімнің,
Әр адамның бар шығар бір ұстазы.

Алғыс айттым ұстаздардың бәріне,
Зор құрметке лайық жандар бәрі де.
Бүгін біздер болсақта үлкен азамат,
Сағынамыз сол кездерді әлі де.

Полиция қатарындағы
3 курс курсанты
Ерболат Лашын