BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Өз денсаулығың – өз қолыңда

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №4 Емханасының қызметкерлері күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттарына қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундауды  жүргізді.
Қызылша ауруы қалай басталады? Қызылша  – дене қызуының жоғарылауымен, катаральды белгілермен жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылшаның алғашқы белгілері – жалпы шаршағандық, дене қызуының жоғарылауы, бастың ауруы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, конъюнктивит, жөтел. Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Қызылшадан жалғыз тиімді қорғану бұл вакцинация болып табылады. Яғни, бұл іс-шараның басты мақсаты – курсанттар арасында иммунитет деңгейін көтеріп, қызылша мен қызамық ауруларын болдыртпау.

Баспасөз қызметі