Бүгін, Нельсон Манделаның халықаралық күнінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оның құрметіне арналған тақырыптық бұрыш ашылды. Нельсон Мандела Оңтүстік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті, сонымен қатар ОАР-да апартеид режимін тоқтатқаны үшін Нобель сыйлығының лауреаты және құқық қорғаушы ретінде танымал. Ол 27 жыл бойы түрмеде отырды, бұған қоса алғашқы 18 жыл бойы жеке камерада ұсталды.
Қамаудағы адамдар үшін қауіпсіздік пен ізгілік шарттарын қамтамасыз етудің қолданыстағы халықаралық стандарты адам құқығы, теңдік және демократия үшін күрескен ұлы күрескер ретіндегі оның мұрасына көрсетілген құрмет белгісі ретінде «Нельсон Мандела Ережелері» деп аталды.
Егер де Сіз, Нельсон Манделаның Ережелерін оқып білгіңіз және сертификат алғыңыз келсе, онда ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қашықтан оқыту жүйесіне http://edu.kostacademy.kz/ сілтемесі бойынша өтіңіз.

Сегодня, в Международный день Нельсона Манделы в Костанайской академии МВД Республики Казахстан им. Ш. Кабылбаева открыт тематический уголок, посвященный в его честь.
Нельсон Мандела известен не только как первый темнокожий президент ЮАР, не только как Нобелевский лауреат за прекращение режима апартеида в ЮАР. Он известен как правозащитник, который 27 лет отсидел в тюрьме, причем, первые 18 лет содержался в одиночной камере.
Действующий международный стандарт обеспечения безопасности и гуманных условий для заключённых носит название «Правила Нельсона Манделы» в знак уважения к наследию покойного, как великого борца за права человека, равенство и демократию.
Если Вы желаете изучить Правила Нельсона Манделы и получить сертификат, пройдите по ссылке в систему дистанционного обучения Костанайской академии МВД им. Ш. Кабылбаева http://edu.kostacademy.kz/