HOME /  STUDIES /  SCIENCE /  PARENTING /  SPORT

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Ізкезуші» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті

2018 жылы 03 қазанында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Ізкезуші» ғылыми үйірмесінің 2018-2019 жылына арналған жоспарына сәйкес екінші отырысы болып өтті. «Ізкезуші» Ғылыми үйірмесінің бірінші отырысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттардың мақалаларымен танысу;
  • Ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттардың ғылыми жетекшілерімен біріге отырып жазған ғылыми мақалаларын талқылау;
  • Ғылыми үйірмеге қатысатын курсанттардың қатарына қосылуға ниет білдірген курсанттармен танысу;
  • Ғылыми үйірмеге жаңа косылған курсанттарға кафедраның профессорлық-оқытушы құрамынан ғылыми жетекшілікті бекіту;

Бүгінгі отырысымызда біз қатысушыларымыздың дайындаған ғылыми мақалаларымен таныстық. Әрбір мақаланың өзіндік өзектілігімен таныстық және проблемалық сұрақтарына шешімдерін тыңдап көрдік. 3 курс 309топ курсанты  Алимбаева Миргуль «Трасология- аяқ іздері» туралы мақаласын ұсынды. 3 курс 302 топ  курсанты Қуанышбек Қазына өзінің «Электронды тергеу әрекеті және видео-хаттама енгізу» жайлы ғылыми мақаласын ұсынып өзекті шешімдерімен таныстырды.

Үйірмеге қатысушылардың қатарына қосылуға ниет білдірген жаңа қатысушылармен де танысу жүргізілді. Олар 3 курс курсанттары Татыбай Нұрсұлтан, Алнашов Аслан, Алтынов Ораз Ахметов Дархан. Курсанттарға үйірме жұмысымен танысу жүргізіліп ғылыми жетекшілері бекітілді.    «Ізкезуші» ғылыми үйірменің қатысушылары жаңадан келген қатысушыларға өздерінің көмек берулерін айтып, олардың ғылыми үйірмеге келгенін жақсы қарсы алып өтті және ғылыми мақаларды талдап бұдан әрі өзекті тақырыптарда мақалалар жазу алға қойылды. Отырыстың соңында, ғылыми үйірмеге қатысушы 4курс курсанттарына тапсырма ретінде ғылыми мақалалар жазу тапсырылды. Жаңадан қосылған курсанттарға жетекшілерімен ақылдаса отырып, ғылыми мақала жазу тапсырылды. Соңында ғылыми үйірмеге қатысушыларға қазан айының оныншы жұлдызына дейін ғылыми мақалаларын дайындап, оларды өткізу тапсырылды.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Е.Кайнар