BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

ҚАЙТАЛАНБАС МӘҢГІЛІК ТАРИХТА ҚАЛАТЫН ЕРЛІК!!!

Семейде өткен жарыста,

Мықтылар келді ағылып.

Шаршы алаңда күш сынап,

Төрт күн үзбей сабылып.

Жеңді біздің жігіттер,

Алтыннан медаль тағынып.

Жетістіктердің басы бұл,

Алдыда әлі, зор үміт.

2019 жылы желтоқсан айының 20-24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында қазақ даласының батыры Қаракерей Қабанбай бабамыздың құрметіне орай ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының кубогі турнирі өткізілген  болатын. Аталмыш жылдың қорытындысына айналған бұл сайыста Республика аумағынан 16 команда 350-ден астам палуан қатысып, солардың ішінен өңіріміздің намысын қорғаған шәкірттеріміз жүлделі орындарды иеленді. Топ жарған палуандарымыз шешуші ақтық мәреде Қарағанды облысының спортшыларын жығып, командалық есепте 1 орынды қанжығасына байлап, жауынгерлік самбодан 11 палуанымыз ҚР спорт шебері атағын орындаса, 11 спортшымыз ҚР спорт шеберіне үміткер атағына қол жеткізді.

Осындай дүбірлі іс-шарада ержүректігі мен қайсарлықтарын танытқан белсенді  спортшыларымыз жүлделі медальдарды қанжығаларына байлап, марапатталды. Осы жерде шәкірттерінің спорттық дайындығымен, шеберлігін шыңдап жүрген жетекшілер Утенов Бағдат Каменұлы, Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы мен Кұтымбаев Руслан Тұрсынұлының еңбектерінің орны ерекше деп айтуға болады. Себебі аз ғана уақыт ішінде палуандарды дайындап, олармен жұмыс жүргізіп, қорытындысында осындай жетістікке қол жеткізу ол бапкерлердің көбісінің қолынан келе бермейтін жұмыс.

«Спорт ердің ерлігі- елдің абыройы» сол үшін де облысымыздың мерейін көтеріп, абыройын арттырған спортшыларымызға және бағыт беріп бағдар көрсеткен бапкерлерімізге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.

ДШД кафедрасының

оқытушысы

полиция лейтенанты

Р.Кутымбаев