BASTY BET /  OQÝ /  ǴYLYM /  TÁRBIE /  SPORT

Курсанттарды дербес бөлу комиссиясының отырысы

Кеше ғана Академия табалдырығын аттап, жоғары білім алуға келген мектеп түлектері, бүгін, міне 4 жыл білім алып, бірер айдан кейін, өз қалаған мамандықтарының кәсіби маманы атанады.




2020 жылдың 16 қаңтар күні ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында биылғы жылы оқу бітіретін түлектерді дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына, еліміздің түкпір-түкпірінен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Ішкі істер департаментінің, Көліктегі полиция департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Кадр саясаты басқармасының бастығы әділет полковнигі Қ.Ж.Жахин, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Кадр саясаты басқармасының бас маманы әділет подполковнигі Д.О.Әбдильдаев, Академияның басшылығы, Ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Б. Мукажанова және 4-курс курсанттары қатысты.

Ресми жиынды Академияның бастығы полиция полковнигі Н.А.Биекенов ашып, барлық жиынға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.


Жыл сайынғы дәстүрге айналған дербес бөлу комиссиясының отырысы жақсы деңгейде өтті. Курсанттарымыз жолдамалары бойынша толық жұмыспен қамтылып, оқу ордасында игерген теориялық білімдерін енді тәжірибеде  қолданады. Сонымен қатар отырыс барысында 4-курс курсанттары полиция сержанты Тұрсынбекұлы Қайрат, полиция қатарындағы З.М.Едлбаева, полиция қатарындағы Д.Ф.Оңғарбаева, полиция қатарындағы М.А.Төлегенова көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттері, жетістіктерге жету жолындағы ерік-жігерлері үшін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің грамотасымен марапатталды. Бұл — оқу ордамыздың басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері үшін үлкен қуаныш. Отырыс соңында облыстардың өкілдері курсанттармен кездесті.

Болашақ тәртіп сақшыларына сапарларың сәтті болсын демекпіз!

Баспасөз қызметінің хатшысы