Психологиялық жұмыс орталығы

Психологиялық жұмыс орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013.02.07. №428 бұйрығы негізінде құрылған.

Психологиялық жұмыс орталығы өз міндеттерін Ереже бойынша жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының 2016 жылғы 29 маусымдағы №84 бұйрығына №8 қосымшасы).

Орталықтың бірінші жетекшісі педагогикалық ғылыми кандидаты полиция полковнигі Ильина Татьяна Александровна болып табылады.

2014 ж. қараша – 2018 ж. желтоқсан аралығында Психологиялық жұмыс орталығының бастығы полиция полковнигі Ольга Владимировна Чиржова болған.

 

Қазіргі таңда Психологиялық жұмыс орталығының бастығы полиция майоры Мырзабек Сардарбекұлы Туйганов болып табылады (ҚР ІІМ Қостанай академиясы бастығының 2019 ж. 21 ақпандағы №41ж/қ бұйрығы).

2016 жылғы 4 ақпандағы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының № 10 ж/қ бойынша бұйрығымен Психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.Б. Досмаилова тағайындалды, 2006 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін бітірген, біліктілігі – психолог, психология пәнінің оқытушысы.

Психологиялық жұмыс орталығының оқытушы-әдіскері полиция капитаны Венера Серикбековна Касенова (ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының 2018 жылғы 24 мамырдағы №76 ж/қ бұйрығы). 2017 жылы Челябинск қ. «Ужно-Уральский государственный гуманитарно-педагогический университет» ФГБОУ ВО бітіріп, «Психологиялық-педагогикалық білімі» мамандығы бойынша магистр атанды.

Психологиялық жұмыс орталығының инспекторы полиция аға лейтенанты Ольга Александровна Аужанова (ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының 2018 жылғы 24 мамырдағы №76 ж/қ бұйрығы). 2010 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК Академиясын бітірген.

 

Психологиялық жұмыс орталығының негізгі міндеттері:

—ҚР ІІМ бөліністерге және органдарға маман-психологтарды тәжірибелік және теориялық дайындау мен қайта даярлау;

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне кәсіби қызметтегі мәселелерді зерттеу бойынша іргелі, іздеу, қолдаңбалы ғылыми зерттеулерді өткізу.

Психодиагностикалық әдістемелердің саралаудан өткізуі және оларды ішкі істер органдар психологтарының кәсіби қызметіне енгізуі Орталық жұмысының бір бағыты болып табылады.

Психологиялық диагностика психологиялық білім берудің бір саласы ретінде адамның психофизиологиялық ерекшелектерін және жеке психологиялық сараптамасы мен бағалауға, өлшеуге, сонымен қатар бір себептер бойынша адамдардың бірлескен топтардың айырмашылығын анықтауға арналған.

Психодиагностикалық әдістер – бұл ерекше психологиялық құралдар. Тәжірибелік мақсатта қолданылатын болғандықтан, диагноз қоюда қате жібермеу үшін олар мүмкіндігінше сапалы болуы қажет. Сондықтан психодиагностикалық әдістерге ерекше талаптар қойылады, олар нақты ережелермен әзірленіп критерий қатарымен тексеріледі.

Тәжірибелуші-психодиагносттың жұмысы адамдардың өмірдегі мүдделердін қозғайды, сондықтан оған өз қызметінің этикалық аспектілерді ұғынып және осы қызметті реттейтін этикалық нормалары мен ережелерді қатаң сақтау қажеттігін есте сақтау керек.

Орталықтың нәтижелері әдістемелік құрал ретінді жарияланды:

Байланыс:

centre_psychology@mail.ru

2-33

___________________________________________________________________________________

Қосымша мәлімет

Исследование МПК

Профессионально ориентированная программа

Психодиагностические методики