Мемлекеттік тапсырыс

2013 — 2014

2014 — 2015

2015 — 2016

2016 — 2017

Оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV заңына сәйкес, құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуын бітірген қызметкерлер құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл, жалпы орта және кәсіптік білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын қызметкерлер кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.

Қызметкер құқық қорғау органының білім беру ұйымын аяқтағаннан кейiн құқық қорғау органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi қызмет атқарылмаған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.

Әскерге шақырылу жасына жеткен және үлгерімі төмен болғаны, тәртiп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқитындар әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерiндегі әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома білім беру ұйымдарында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.

Бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 386 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мамандықтардың коды және атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылы ішінде
1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар
(мың теңге)

Күндізгі оқу

Сырттай оқу

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы

5В030300 – Құқық қорғау қызметі

220

60

972,0

5В030300 – Құқық қорғау қызметі (Тәжікстан Республикасының азаматтарын оқытуға)

10

972,0

5В050103 – Педагогика және психология

10

972,0

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс

10

972,0

Барлығы

250

60

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 – 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Магистратураға қабылдау

Коды

Мамандықтар топтарының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жылына 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы

6М030300 Құқық қорғау қызметі 20 1594,0
Барлығы 20
Жиыны 80