«ҒЫЛЫМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҰСЫНАТЫН БАСЫЛЫМДАР ТІЗБЕСІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

Біздің оқу орнымызда 2002 жылдан бастап басылып келе жатқан «Ғылым» Халықаралық ғылыми журналы заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілді (ҚР БҒМ БҒСБК 2016 ж. 17.10. №1027 Бұйрық).
Журнал мерзімдік басылым ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде (2001 ж. 01.10. № 2325-Ж куәлік) және Халықаралық ISSN орталығында (ISSN — 2306-451 Х) тіркелді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен 2015 ж. 12 наурызда қайта тіркелді (№ 15156-Ж куәлік).
«Ғылым» журналы рецензияланатын журнал болып табылады, жарияланатын материалдардың көпшілігі ғылыми білімнің тиісті саласы бойынша мамандарға пікір беру үшін ұсынылады.
Журналдың шығу мерзімділігі — үш айда 1 рет.
«Ғылым» мерзімдік ғылыми басылымының мақсаты Қазақстан мен басқа да елдердің ғалымдарының юриспруденцияның түрлі салаларындағы түпнұсқалық іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерлерінің нәтижелерін ашық түрде жариялау, ол өз кезегінде Академияның ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің ғылыми әлеуеті деңгейін арттыруға, білім беруді жетілдіруге, Қазақстан ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды даярлау мен тәрбиелеуге, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды ізденушілер және магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
«Ғылым» халықаралық ғылыми журналының заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілуі жарияланатын материалдардың мазмұнына жоғары талаптар қояды.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына сәйкес мұндай басылымдарға қойылатын талаптар аталған ғалымдар мен шетелдік ғалымдарды тарту арқылы редакциялық алқа беделі; келіп түскен мақалаларға берілетін тәуелсіз пікір беру жүйесі, этикалық нормалардың сақталуы; журнал және оның мазмұны туралы толық ақпараттың журналдың меншікті сайтында болуы; журналдың әр нөмірінде ағылшын тіліндегі мақала мен шетелдік авторлардың мақаласының жариялануы (шығарылатын нөмірлердің жартысында); журнал мен оның таралымының мәлімделген мерзімділігінің сақталуы; рәсімдеу стандарттарының сақталуы және электрондық кітапхананы қалыптастыру үшін ҰҒТАО-на жолдау, т.б. көзделеді.
Бекітілген талаптар Скопус, Томсон Рейтер халықаралық библиометриялық дәйексөз базасы өлшемдеріне жақындатылған және жарияланым сапасын қамтамасыз ететін қазақстандық журналдарды іріктеуге бағытталған.
Құрметті әріптестер! Сіздің осы жайлы қызметкерлеріңіз бен барлық мүдделі тұлғаларды хабардар етулеріңізді сұраймыз. Мақалалар мен қосымша құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: 110005, Қостанай қаласы, Абай даңғылы 11, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, ҒЗжРБЖҰБ («Ғылым журналына мақала» деген белгімен). Сонымен қатар, rio.kui@mail.ru. электрондық поштасына жолдауға болады.


«ҒЫЛЫМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ

___________________________________________________________________________________