Оқу орнының даму және қалыптасу жылдары

1971 жыл. Біздің республикамыздың тарихында бұл жыл ішкі істер органдары үшін үш онжылдық ағымындағы кадрларды дайындауын жүзеге асырған Қостанай ІІБ облыстық атқару комитетінің кіші және орта басшы құрамының Қостанай облысаралық алғашқы дайындық мектебінің пайда болуымен танылған.

1971 жылғы 1 қарашадағы Қазақ КСР ІІМ №0278 бұйрығына сәйкес Қостанай облысаралық кіші және орта басшы құрамының алғашқы дайындық мектебі құрылды. Осы тарихи күннен бастап, заманауи жоғары ведомстволық оқу орны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясы өзінің жылнамалық саналымын жүргізіп келеді.

1971 жылы Қостанай облыстық атқару комитетінің ІІБ Қостанай облысаралық кіші және орта басшы құрамының алғашқы дайындық мектебінің алғашқы бастығы болып, милиция подполковнигі Юрий Петрович Помещиков тағайындалды, осы оқу орнын ол 1974 жылдың ортасына дейін басқарған еді.

Алғашқы кезеңде оқу орнының дамуы қалыптастырылды, білім беру саясатының бағыттарымен мақсаттары анықталды, оқу пәндерін оқыту тәжірибесі әзірленді.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының басында ғана облысаралық алғашқы дайындық мектебі тек қана Қостанай ҚІІО қоғамдық күзету тәртібіне ғана көмек көрсеткен жоқ, сондай-ақ, қалалық орта оқу орындарында оқитын оқушылардың ішінен милицияның жас көмекші достарын дайындауға бастамашы болды.

Оқу бөліністерінің (циклдерін, көп кешікпей кафедраларын) негізін қалайтын алғашқы құжаттардың бірі болып, Қостанай облысаралық мектебінің 1972 жылғы 28 наурыздағы «Оқу циклдарын ұйымдастыру жөніндегі» №49 бұйрығы танылды. Осы бұйрыққа сәйкес ҚАІІО милиционерлердің, түңгі милицияның және мамандандырылған командалық-оқытушылар құрамының алғашқы дайындық ұйымдастыру жақсарту мақсатында, мектепте үш оқыту циклдары құрылды, олар әскери-жауынгерлік арнайы пәндер және ғылыми -техникалық құралдар, байланыс құралдары және мотобөлімі.

1972 жылдың қазан айынан бастап облысаралық мектепке дарадан тыс күзет қаражаты есебінен қамтылған милиционерлермен қоса бюджеттік милицияның милиционерлері, бір ай бойы оқыған КСРО ІІМ түрмесінің және тергеу изолояторларының бақылаушылары енгізілді. 1973 жылдан бастап мектепте ІІО қызметкерлерін қайта даярлау процесі басталды.

Ю.П.Помещиковтың орнына 1974 жылы ішкі қызмет капитаны Александр Степанович Петренко келді, ол 1976 жылға дейін облысаралық мектепті басқарған болатын.

А.С.Петренконың басшылық атқару кезінде мектептің командалық-оқытушылар құрамының қызметі курста оқыту тиімділігін жоғарылатуына бағытталды. Дәріс қорларын, арнайы сыныптарды техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтарды көбейту бойынша шаралар қабылданды, дәріс қорының мектебі қалыптасты, тәжірибемен мектеп арасындағы байланыс жақсара түсті. Мектептің аумағында 200 орынға толы асхана салынды.

1975 жылға таман оқу орнының білім беру қызметінде маңызды өзгерістер болды. Мектеп тек қана дайындықты жүзеге асырған жоқ, сонымен қатар республиканың ішкі істер органдары үшін мамандарды қайта даярлауды жүзеге асырды. Осы уақытта мектепте оқитындар күрт өзгерді. Облысаралық мектепте Қазақ КСР ІІМ рұқсат қағазына сәйкес, қайта даярлау мақсатында мектепке бюджетті милициядан милиционерлер, түңгі милиция бөлімшелерінің командирлері түсетін болды, алғашқы дайындық мақсатында көлік милициясының, дарадан тыс күзеттің, қалалық, аудандық ішкі істердің және желілік бөлім милициясының милиционерлері, теміржол көлігіндегі милиционерлер, ауа көлігіндегі байқау инспекторлары, ІІО әртүрлі қызмет бөлімшелерінің командирлері, учаскілік инспекторлар келіп түсетін болды. Оқуды тек қана Қазақстанның қызметкерлері өткен жоқ, сондай-ақ, Ресей, Украина, Прибалтика елдерінің қызметкерлері де өтті.

 

 

1976 жылы облысаралық мектепті милиция майоры Виктор Куприянович Путилов басқарды. Ол мектепті 1979 жылға дейін басқарды.

Оның кезінде, 1979 жылдың сәуір айында мектептің педагогикалық кеңес құрамының қайта құрылуына әкеп соқты. 1976 жылдың жаз мезгілінде мектептің оқытушылар штаты КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің түлектерімен толтырылды. Жергілікті оқытушылар өздерінің біліктілігін Совет Одағының ведомстволық оқу орындарында жоғарылату мүмкіндіктерін алды.

 

 

 

1979 жылдың сәуір айында Қостанай облысаралық мектебін милиция подполковнигі Борис Яковлевич Фреер басқарды, ол мектепті 1983 жылға дейін басқарды. Борис Яковлевич оқу-материалдық базасын нығайту, командалық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, оқу-насихаттау жабдықтарын жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жасады.

 

 

 

Б.Я. Фреердің орнына 1983 жылдың маусым айында милиция полковнигі Евгений Петрович Беглов келді, ол облысаралық мектептің бастығы лауазымында 1985 жылға дейін қызмет атқарды.
Қазақ КСР ІІМ 1985 жылғы 14 наурыздағы №040 бұйрығына сәйкес Облысаралық мектеп ІІБ Оқу орталығы болып қайта құрылды.

Былтырғы жүз жылдықтың сексенінші жылдары кіші және орта басшылық құрамының «туудың» және әрі дамудың кезекті кезеңі болып танылды, өйткені осы кезеңде оқу орны ескі аэропорт ғимаратында орналастырылды, қайтадан мектептің аумағы, оқу дәрісханалары, қайта құрылды, тұрақты және ауыспалы құрамдарды материалдық-тұрмыстық сұрақтары шешілді.

 

 

1991 жыл дүниежүзі саяси картасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіз және Егемен ел болып танылды. 1991 жылғы қараша айында Қостанай облыстық атқару комитетінің ІІБ Оқу орталығын ішкі қызмет полковнигі Сарбас Хамитұлы Утельбаев басқарған болатын.

Оқу орталығы жас тәуелсіз республиканың қалыптасуымен бір уақытта дамыған. Орталық қызметінің нормативтік-құқықтық білім базасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, республиканың ішкі істер органдары үшін кадрларды даярлаудың мазмұндарымен формалары қайта қаралды.

 

 

 

1992-1993 жылдары Оқу орталығын милиция полковнигі Асқар Оңғарұлы Сейтказин басқарды.

ҚР Министрлер кабинетінің 1993 жылғы 15 ақпанындағы №106 қаулысына сәйкес «Құқықтану» мамандығы бойынша орта арнайы білімдерімен ішкі істер органдарының басшылық құрамын даярлау бойынша ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебі құрылды.

 

 

 

Осы аралықта ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебін милиция полковнигі Кеңес Масымханұлы Бейсебаев басқарды. Оның басшылық кезінде оқу орнының ғылыми мүмкіндіктері артты, ұйымшыл оқытушылар құрамы қалыптасты, жаңа бөліністер ашылды, қызметкерлердің штаттары көбейді.

Милиция полковнигі К.М.Бейсебаевтың басшылық кезінде оқу орны жаңа мәртебе алды. 1995 жылғы 19 мамырдағы ҚР Министрлер кабинетінің №724 қаулысымен Қостанай арнайы орта мектебі ҚР ІІМ Қостанай заң колледжі болып қайта құрылды, оның базасында республиканың ішкі істер органдары үшін орта-арнайы заң білімдері бар мамандарды даярлау жалғастырылды.

 

 

1996 жыл оқу орнының тарихында ерекше болып табылады. 1996 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №396 қаулысымен ҚР ІІМ Қостанай заң колледжі ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебі болып құрылды. Осы күрделі кезеңде Қостанай жоғары мектебін ҚР ІІМ танымал қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, құқықтану доценті ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденов басқарды. Оның басқару жылдарында оқу орнының материалдық – техникалық базасы құрылды және жақсарды, мектептер қалаға орын ауыстырды, оқу процесі, ғылыми процесі жетілдірілді.

1996 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №157 бұйрығына сәйкес Қостанай жоғары мектебінің құрамында жаңа кафедралар құрылды, олар әкімшілік құқық және қоғамдық тәртіп күзет кафедрасы, криминология және қылмыстық құқық кафедрасы, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, жедел-іздестіру қызметі кафедрасы, жалпы құқықтық тәртіп кафедрасы, әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы, тілдер кафедрасы, информатика және арнайы техника кафедрасы, әскери және тактикалық арнайы даярлық кафедрасы, жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасы.


1996 жылғы 25 қазанда көптен күткен оқиға болды. Бұл күні оқу орны ескі аэропорт ауданынан Қостанай құрылыс техникумының оқу корпустарына ауыстыру жүзеге асырылды. Оқу орнын ауыстыру процесінде Қостанай облысының басшылары белсенді қатысты. Аудан әкімдері, облыстағы жоғары оқу орнының басшылары, қалалық шенеуніктер, қатардағы қостанайлықтар Қостанай жоғары мектебін жайластыруына және келесі де жаңа орында дамуына көмек көрсетті. Бұрынғы құрылыс техникумының кабинеттері оқу дәрістеріне қайта жабдықталды, жалпы және арнайы кітапхана үшін бөлмелер бөлінді, спорткешені, жатақханалар, монша-кір жуатын кешен, алаң, тыңдаушылар үшін 800 орынға асхана және басқа да оқу орнының ажырамас бөлігі болып танылған өмірлік-маңызды объектілер құрылды.

 

1997 жыл ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебінің тарихында екі ірі тарихи оқиғалармен атап өтілді.

1997 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген, ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебіне оқу орнының Туы табыс етілді.

1997 жылғы 16 шілдеде ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев келді, ол елдегі ішкі істер органдары үшін жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау бағытындағы педагогикалық ұжымның жұмысына жоғары баға берді. Құрметті қонақтар кітабына Елбасы «Қостанай жоғары милиция мектебінің қызметкерлеріне және тыңдаушыларына Отанға адал және мінсіз қызмет етуін тілеймін» тарихи жазба естелігін қалдырған.

1998 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №348 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары жөнінде» қаулысымен ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебі Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай заң институтына ауыстырылды.

 

 

Ішкі қызмет генерал-майоры Т.Қ.Қабденовтың орнына 2000 жылғы сәуір айында заң ғылымының кандидаты, доцент полиция полковнигі Серік Жақыпбекұлы Галиев келді. Ол жоғары оқу орнын 2001 жылдың мамыр айына дейін басқарды. Оның басшылық кезінде оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру анықталды. Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және жеке көкейтесті құқықтық сұрақтар бойынша монография шығарылды.

 

 

 

 

 

 

2001 жылғы мамыр айында ҚР ІІМ Қостанай заң институтын заң ғылымының кандидаты, доцент полиция полковнигі Ерғали Ошпанұлы Түзельбаев басқарды.

Осы кезде жоғары оқу орнының материалдық базасын жаңарту және оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, жоғары оқу орнының ғылыми бастамасын жоғарылату сұрақтары шешілді.

 

 

2003-2004 жылдары ҚР ІІМ Қостанай заң институтын республикадағы ішкі істер органдары қызметінде мол тәжірибесі бар, заң ғылымының кандидаты полиция полковнигі Алтынғали Үсенұлы Әбдіғалиев басқарды. Оның басшылық кезінде ішкі істер органдарына мамандарды екі мамандық бойынша, дәлірек айтқанда, әкімшілік-құқықтық және жедел іздестіру қызметінде даярлау процесі жалғастырылды.

2004 жылдан бастап жоғары оқу орнының өмірінде жаңа кезең басталды, оның басшылығында және республикада құқық қорғау қызметі үшін кадрларды даярлау процесі өзгерді.

Қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандарды даярлау процесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі №806 қаулысымен ҚР ІІМ Қостанай заң институты Ішкі істер министрлігінің қарамағынан ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағына берілді. 2004 жылдан бастап мамандарды дайындау «Құқық қорғау қызметі», «Құқықтану», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша мемлекеттік бюджет есебінен сырттай және күндізгі оқыту формасы бойынша «әділет лейтенанты» арнайы атағы мен «бакалавр» академиялық дәрежесін беру арқылы жүзеге асырылды.

Жаңа ведомствоға енгізудегі оқу орнының алғашқы қалыптастыру жылдары қылмыстық – атқару құқығы обылысында беделді ғалым, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органында тәжірибесі мол, заң ғылымының докторы, профессор әділет полковнигі Дулат Сламбекұлы Чукмаитовтың атымен байланысты. Оның басқару жылдарында жоғары оқу орны маңызды және тарихи оқиғалармен танымал болды. Ол жоғары оқу орнын жаңа шыңдарға, қылмыстық саясаттың спецификасына және мазмұнына, Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесіне, алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарының ғылыми байланыстарын кеңейтуге, ғылыми-зерттеу институттарымен және халықаралық ұйымдармен бейімделуіне, жоғары оқу орнын жаңа қадамына шығаруға, оның одан әрі жемісті дамуына ықпал жасады.

2005 жылдан бастап, Қостанай заң институты толығымен қылмыстық-атқару жүйесінің органдары үшін тыңдаушыларды қабылдады. Осы жылы Әділет министрлігінің қолдауымен институт «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тыңдаушыларды даярлауына лицензия алды.

Полиция полковнигі Д.С.Чукмаитовтың тікелей қатысуымен 2008 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №5 қаулысымен Қостанай заң институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясы болып ауыстырылды.

 

2008 жылы Академия бастығы болып, заң ғылымының кандидаты, профессор әділет полковнигі Еркембек Тианақбайұлы Жалбуров тағайындалды, ол 2010 жылға дейін жоғары оқу орнының басшы болып қызмет атқарды. Осы кезде жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмыстарының қызметін жетілдіру бойынша мақсатты жұмыстар өткізілді. Халықаралық ынтымақтастық масштабында ТМД елдерінің қылмыстық-атқару жүйесі үшін білім саласында және кадрларды даярлауда 2009 жылы Академияға Тәжікстан Республикасының 10 азаматы келіп түсті.

 

 

2010 жылдың шілде айынан бастап, 2011 жылдың қараша айына дейін Академияны заң ғылымының докторы, профессор әділет полковнигі Қазбек Шайпанұлы Уканов басқарды. Оның басшылығымен оқу орнының материалдық-техникалық базасы жақсарды, Академияның сыртқы және ішкі формалары қайта жаңартылды, оқу процесі жаңа сапалы деңгейге жоғарылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы №900 қаулысына сәйкес ҚР ӘдМ ҚАЖК Академиясы ҚР ІІМ ҚАЖК Академиясына ауыстырылды.

2011 жылғы қазан айынан бастап Әділет министрлігінің қолдауымен Академия «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша тыңдаушыларды дайындауына лицензия алды.

2011 жылдың қараша айынан бастап 2014 жылдың сәуір айына дейін Қостанай академиясын заң ғылымының кандидаты полиция полковнигі Назарбек Жөкенұлы Бекбатыров басқарды.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №716 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясына ауыстырылды.

 

2014 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының бастығы болып, заң ғылымының кандидаты, профессор полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов тағайындалды.

Полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың тікелей қатысуымен 2014 жылғы 09 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді. Бүгінгі таңда Академия Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы болып аталады.