Өмірбаян. Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев

Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев (1908-1976жж.) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант  (ІІ рангілі ішкі қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

1908 жылы 9 наурызда Семей губерниясы (Қазақ КСР Семей облысы Абыралы ауданы №2 ауыл) Қарқаралы уезі Абыралы №3 ауылында дүниеге келген.

Ата-аналары: Әкесі – Қабылбай Бұхарбаев (1860ж.т.), шешесі – Масура  Бұхарбаева (1874ж.т.).  1930 жылы колхозға кіріп, 1932 жылға дейін Абыралы ауданының №2 ауылында тұрған. Ата-аналарының ауылдастары  ішінен Абыралы ауданында В.М.Молотов атындағы колхоз ұйымдастырылған. Әкесі 1933 жылы Семей қ., ал шешесі 1948  жылы Жамбыл облысы Луговской ауданында қайтыс болған.

1923 жылға дейін Ш.Қабылбаев ата-аналарымен бірге тұрып, ауылдың мектебінде оқыған.  Ауылдық  мектепте 3 сыныпты аяқтағаннан кейін, 1924 жылы Семей қ. ересек қазақ мектебінің оқуына,  кейіннен 1925 жылы Семей педагогикалық техникумының даярлық тобына түседі.

1925 жылдың қыркүйек айынан бастап 1931 жылдың маусым айына дейін Семей педагогикалық техникумында  білім алған, алғашында 2-і даярлық тобында, содан кейін 4 негізгі курстарда.

1926 жылдың 21 ақпан айынан бастап 1934 жылға дейін ВЛКСМ мүшесінде болған. Бірінші большевист бойынша 1930 жылы Ұлан ауданының  Семейлік  аймақ басқарушысы болып іссапарға жіберілген, онда 5 ай қызмет атқарған.

Техникум қабырғасында комсомолдық жұмыстарға қатысқан. Техникумда болған кезінде Түрксіб линиясы бойынша таратушы және «Қарабаш-Тұз» Сольпром  балалар алаңының меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1930 жылдың 5 тамызында Семей қалалық партия ұйымының ВКП (б) кандидаты болып қабылданған.

1931 жылдың шілде айына дейін «Бастауыш мектеп оқытушысы» мамандығы бойынша  Семей педагогикалық техникумын (Қазақ педагогикалық техникумы) бітірген.

Техникумды аяқтағаннан кейін 1931 жылдың маусымынан бастап 15 қазанына дейінгі аралықта математика оқытушысы, Семей ет сақтау құрылысының  «Құрылыс училищесі» мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1931 жылдың 15 қазанынан бастап 1932 жылдың 10 ақпанына дейін Семей қ., халыққа білім беру қалалық бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады.

1932 жылдың 10 ақпанынан бастап 25 қазанына дейін Семей облысының Жаңа-Семей қ., колхоз жастарының үлгілі жетілік мектебінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1932 жылы Совет армиясының қатарына шақырылды. 1932 жылдың 10 қарашасынан бастап 1933 жылдың 14 қарашасына дейінгі аралықта Алматы қ. Кавалерия ұлттық полкінің қызыл әскерінде қызмет етеді.  Орта білімі бар болғандықтан армияда бір жыл қызмет етіп, 1933 жылдың қараша айында взвод командиріне емтихан тапсырып (орташа комсомол құрамы) қайтарылады.

Әскерден қайтарылғаннан кейін ОГПУ-НКВД жұмысқа қабылданады.

1933 жылдың 20 қараша айынан бастап 1938 жылдың 10 наурызына дейінгі аралықта НКВД органында қызмет атқарады.

1933 жылдың 20 қараша айынан бастап 1934 жылдың 22 наурызына дейін Қазақ КСР ОГПУ Ақтөбе облыстық бөлімінде тәжірибеде болады.

1934 жылдың наурыз айында Алматы қ. ОГПУ үкіметінің өкілетті МҚБ Ұлттық жедел курстарына жіберіледі де, оны 1935 жылы наурыз айында бітіреді.

Курс аяқталғаннан кейін Қазақ КСР бойынша НКВД Басқармасының Алматы қ. МҚБ Ерекше бөлімінің 4-ші бөлімшесінің уәкілі болып тағайындалады.

1936 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1937 жылдың 1 маусымына дейін Қазақ КСР бойынша НКВД Басқармасы Алматы қ. Ерекше бөлімінің жедел уәкілі болып қызмет атқарады.  1936 жылдың сәуір айында оған «мемлекеттік қауіпсіздік сержанты» атағы беріледі.

1937 жылдың 1 маусымынан бастап 1938 жылдың 14 наурызына дейін Қазақ КСР бойынша НКВД Басқармасының Алматы қ. МҚБ 3-ші бөлімінің      5-ші бөлімшесінің уәкілі болып қызмет атқарады.

1938 жылдың наурыз айында Қазақ КСР НКВД партиялық ұйымының КПСС мүшесі болып қабылданады.

1938 жылдың 14 наурыз айында денсаулық жағдайы бойынша зейнеткерлікке шығады және НКВД командалық құрамына енгізіледі.

1938 жылдың наурыз айында Алматылық партия ұйымымен (партиялық билет №1597804)  БКП   (бүкілодақтық коммунистік партия) (б) мүшесіне қабылданады.

НКВД органының қызметінен босатылғаннан кейін 1938 жылдың наурыз айынан бастап тамыз айына дейін Ш.Қабылбаев Қазақ КСР СХК құпиялы қызметінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1938 жылдың 9 тамызында Ш.Қабылбаев Қазақ КСР Совет Министрлігінен ауыстырылады да Қазақстанның ОКК (б)  аппаратына жұмысқа қабылданады.  

1939 жылдың  7 қаңтарынан бастап Қазақстанның КП ОК хатшысының көмекшісі лауазымының жұмысына кіріседі. Осы аралықта Шырақбек Қабылбаев Қазақстанның КП ОК хатшылығының үшінші көмекшісі, содан кейін екінші көмекшісі болып қызмет атқарады. Партиялық тапсырыс тәртібінде ОК партиясының ерекше секторында партия ұйымының орынбасары болып қызмет атқарады.  Қазақстанның КП ОК хатшысының көмекшісі және Қазақстанның КПОК кадр бөлімі нұсқаушысы лауазымында 1941 жылдың 8 наурызына дейін қызмет атқарады.

1940 жылдың қараша айында Ш.Қабылбаевқа «кіші лейтенант» арнайы атағы беріледі.

1941 жылдың 8 наурыз айынан бастап 1942 жылдың 11 наурызына дейін Қазақстанның КП ОК кадр бөлімінің советтік орган кадр секторының меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1942 жылдың 11 наурыз айынан бастап 1948 жылдың 16 қараша айына дейін Қазақстанның КП ОК ұйымдастырушы-нұсқаушы бөлім меңгерушісінің орынбасары болады.

1943 жылдың ақпан айында Ш.Қабылбаевқа «аға лейтенант» арнайы атағы беріледі.

1947 жылдың 15 қаңтарынан бастап 24 қазанына дейінгі аралықта Ш.Қабылбаев БКП ОК (б) кезіндегі Жоғары партия мектебінде партиялық басқарушылардың тоғыз айлық қайта даярлау курсын бітіреді.

1948 жылдың 16 қарашасынан бастап 1953 жылдың 9 мамырына дейін Қазақстанның ОК КП әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

1952 жылы  КПСС ОК кезіндегі Жоғары партия мектебінің «партиялық-советтік жұмыскер» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімін үздік бітіреді.

Қазақстанның КП ОК бөлімдерінің бірігуіне байланысты Ш.Қабылбаев 1953 жылдың 9 мамырда Қазақстанның КП ОК әкімшілік және сауда – қаржы органының бөлім меңгерушісі болып бекітіледі.

Қазақстанның КП ОК аппаратында Ш.Қабылбаев 16 жыл қызмет атқарған.

1954 жылдың 10 тамыз айында КПСС ОК Қаулысымен Ш.Қабылбаев Қазақ КСР Ішкі істер министрі болып бекітіледі.

1954 жылдың қараша айында Шрақбек Қабылбаевқа «полковник» арнайы атағы беріледі.

1957 жылдың 17 наурыз айында  Ш. Қабылбаевқа 3 рангілі ішкі қызмет генерал атағы беріледі.

Қазақстанның ОК КП бюросының 1959 жылғы 19 қазандағы «Республика Ішкі істер министрлігінің жұмысында түйінді кемшіліктер туралы» қаулысына сәйкес ол Қазақ КСР ІІМ қарамағына  қалдырылады және тағайындалған лауазымынан босатылады. Бұл жағдайға, Теміртау қ. оқиғасы, ондағы Қарағанды металлургия зауытының құрылысы кезіндегі  жаппай   тәртіпсіздіктің  пайда болуы себепті болған.

1959 жылдың 16 желтоқсан айынан бастап 1960 жылдың 27 ақпанына дейінгі аралықта  ЖӘҚҚ (жергілікті әуеге қарсы қорғаныс) Алматылық республикалық мектебінің курс бастығы болып қызмет атқарады.

1960 жылдың 27 ақпанынан бастап 19 сәуіріне дейін Қазақ КСР ІІМ қарамағында болады.

1960 жылдың 19 сәуірінен бастап 5 тамызына дейін Алматылық облыстық советінің еңбекші депутатының  атқарушы (УООП) Қоғамдық тәртіп күзеті Басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарады.

1960 жылдың 5 тамызынан бастап 1961 жылдың 4 қаңтарына дейін Алматылық облыстық совет еңбекші депутатының атқарушы УООП бастығының міндетін атқарады.

1961 жылдың 4 қаңтарынан бастап 1967 жылдың 12 сәуіріне дейін Алматы облыстық совет еңбекші депутатының атқарушы УООП бастығы болып қызмет атқарады.

1967 жылдың 12 сәуірінен бастап 1973 жылдың қарашасына дейін Қазақ КСР Ішкі істер министрі лауазымында қызмет атқарады.

1967 жылдың 1 қараша айында Ш.Қабылбаевқа 2 рангілі ішкі қызмет генерал атағы беріледі.

Ш.Қ.Қабылбаев Қазақстанның КП ОК мүшесі болып төрт рет, Қазақ КСР Жоғары Советінің депутаты болып үш рет сайланады.   

— 1947 жылдан бастап 1953 жылған дейін Алматы қалалық советінің еңбекші депутаты;

—  1945 жылдан бастап 1951 жылға дейін Алматы қ., Сталиндік аудандық комитеті партиясының мүшесі;  Қазақстанның КП ОК аппаратының партиялық ұйым бюросының хатшысы;

— 1949 жылдың ақпанынан бастап 1954 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның КП ОК мүшесі;

—  1962 жылдан бастап Қазақстанның КП Алматы облыстық комитетінің мүшесі, Алматы облыстық советінің еңбекші депутатының депутаты болған.

— 1967  жылдың 12 наурызында Алматы облыстық советінің еңбекші депутатының  депутаты болып тағайындалған;

— 1967 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысы Қаражал округі бойынша Қазақ КСР Жоғары Советінің депутаты болып тағайындалған;

— 1971 жылы 26 ақпанында Қазақстанның КП Орталық комитетінің мүшесі (Қазақстанның КП XII съезінде сайланған)  болып сайланған;

— 1971 жылы Қазақ КСР Жоғары Советінің депутаты болып тағайындалған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен (1956, 1967 жж.), Ленин орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен (1945 ж.), Қазақ КСР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен, КСРО ІІМ Құрмет грамотасымен (1970 ж.), «КСРО Қарулы күштеріне 40 жыл» медалімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен» (1945 ж.), «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» І дәрежелі медалімен, «Тың жерді игергені үшін» медалімен, «Советтік милицияға 50 жыл» мерейтойлық медалімен, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл тойлауындағы қажырлы еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен (1970 ж.), «КСРО Мемлекет шекарасын күзетуде ерекшелігі үшін» медалімен,  «КСРО Қарулы күштеріне 10 жыл» медалімен, «Қоғамдық тәртіпті күзету бойынша ерекше қызметі үшін» медалімен марапатталған. КСРО ІІМ Құрмет кітабына енгізілген.

Үйленген, екі қызы және бір ер баласы бар. Жұбайы Қазиза Мусиновна Қабылбаева (1908 ж.т.),  қыздары:  Раиса Қабылбаева (Бекзатова) (1934 ж.т.),  Әсия Қабылбаева (1936 ж.т.) және ұлы – Марат Қабылбаев (1939 ж.т.).

1928 жылы үйленген. Жұбайы – Қазиза Мусиновна Қабылбаева Семипалатинск облысы, Абралы ауданы № 5 ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

Шәкен Мустина (1911 ж.т.) және Кенжеш Қабылбаева (1923 ж.т.) есімді екі қарындасы болған.

1976 жылы 5 шілде айында 68 жасында генерал-лейтенант Ш.Қ. Қабылбаев дүниеден өтті.

Ел алдындағы Ш.Қ.Қабылбаевтың қызметін және оның ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатын жетілдіруге қосқан үлесін ескере отырып, 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен және ол жөнінде мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.

Анықтамалық:

Сержант 1936 жылгы 7 cayipдеrі КСРО ХКІІ № 244 буйрығы
Kiші лейтенант 1940 жылғы 25 қарашадағы КСРО XKII № 1680  буйрығы
Аға лейтенант 1943  жылғы  11 ақпандағы КСРО ІІМ № 102  буйрығы
Ішкі қызмет полковнигі 1954  жылғы  6  қарашадағы  КСРО ІІМ № 2613  буйрығы
III рангілі  ішкі қызмет генералы (генерал-майор) 1957  жылғы  17 шілдедегі КСРО Кеңес министрлігінің № 855 қаулысы
ІІ рангілі ішкі қызмет генералы (генерал-лейтенант)

1967  жылғы  1  қарашадағы  КСРО  Кеңес министрлігінің  № 997  қаулысы,

1967  жылғы 1 қарашадағы КСРО ҚТҚМ № 700  бұйрығы

 











































 


Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың 100-жылдығына арналған фильм

Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың туыстарымен ұсынылған фильм. Автор: Ахат Ибраев.




 Авторлары:

Әні: Қалибек Деріпсалдиндікі

Сөзі: Серікбай Оспановтікі

«Генерал туралы ән»

Аудио:
Аудио:

Қазақстан Республикасының әнұраны

Аудио: