Мәдени-көпшілік жұмысы

Тыңдаушыларға деген тәрбиелік әсері оқу сабақтарды өткізу барысында, сонымен қатар сабақтан тыс уақытында әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, ағартшулық және спорттық-сауықтандыру іс-шаралардың шеңберінде жүзеге асырылады.

Жеке құрамымен өткізетін тәрбие жұмысы процесіндегі ең маңызды элементі — бос уақытты ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Тыңдаушылардың оң тұлғалық әлеуметтенуі, ұйымдастырылған педагогикалық және шығармашылық әсері арқылы кәсiби маңыздылығы бар қасиеттерін қалыптастыруы мәдени-көпшілік жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Көркем өнерпаздар ұйымдардың жұмысын жоғары дәрежелі мамандар, мәдениетке еңбегі сіңірген қызметкерлерi жүзеге асырады.

Домбыра ансамбілінің жетекшісі – Қалибек Деріпсалдин– Қазақстан Республикасының мәдениетіне еңбегі сіңірген қайраткері, сазгер, 60-тан асқан әндердін авторы, «Қазына» премиясының лауреаты, Қазақстан Республикасының сазгерлер одағының мүшесі, Қостанай облысының құрметті азаматы.

Би ужымының жетекшісі – Акбота Жомартовна Дукенова– Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы, «Костанайские зори» би ансамбілінің солисті, «Ханшайым» би ұжымының жетекшісі.

Үрмелі оркестр жалпы академиялық іс-шараларға қатысып ,белсенді концерттік қызметін атқарады. Концерттік репертуарында жергілікті және шетелдік классика шығармалары бар, үрмелі оркестрінің дәстүрлі репертуары, эстрадалық және халықтық әуендері. Академия тыңдаушылардың санынан жаңадан келген музыканттармен құрамы үнемі жаңартылып,оркестр жоғары кәсіби орындаушы деңгейін сақтайды.
 

 

Вокалдық-хор студиясы – жалпы академиялық іс-шаралардың белсенді қатысушысы.   Репертуарында- халықтық, классикалық, джаз және т.б. бағыттары қолдалынады. Жеке орындаумен шектелмей басқа да ансамбілдік топтар дуэті, трио, квартет және т.б. топтық орындауы қолданылады.
Әндер қазақ, орыс, тәжік, ұйғыр, өзбек, түрік және т.б. тілдерінде орындалады. Вокалдық-хор студиясының солистері қалалық, облыстық, республикалық байқауларының жүлдегері болып табылады.
 

 

КВН «Полицейская академия» — тыңдаушылардың бос уақытын ұйымдастырудың ең жақсы көретін түрі болып табылады. Әр курста казақ және орыс тілінде екі лига құрылған. Академия КТК командасы Қостанай облысы финалдық ойындарына қатысады, қалалық және облыстық КТК ойындарының жеңімпазы болып табылады.
 

 

Академия би ұжымы барлық концерттік іс-шараларына қатысып басты әшекейлердiң бiрi болып табылады. Би ұжымының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, репертуары өте жан-жақты. Тыңдаушылар (танго, самба, румба, испанский) орындайды, сонымен бірге  (орыс, казақ, үнді, өзбек, тәжік, украин, кавказ лезгинкасы, корей) классикалық, сәнді, эстрадалық, халықтық билерін орындайды.
 

 

Халық  шығармашылығы мен мәдени дәстүрлерін жандану  мақсатында Академияда домбыра ансамбілі құрылған. Репертуарына Қурманғазы, Д.Нұрпеисова, Таттімбет, Қазанғап және т.б. орындаушылардың және сазгерлердің күйлері мен әндері кіреді. Ансамбль қатысушылары қалалық және облыстық көркем өнерпаздар байқауларының лауреаттары болып табылады. Домбыра ансамблі әр түрлі салтанатты іс-шаралардың басты қатысушысы болып табылады.
 

 

Дабылшылар взводы – кез-келген мерекенiң көркемдеуі болып  ерекше салтанатты іс-шараларға арналған. Қыздар көріністерді көрсетуде заманауи музыкалық сүйемелдеуімен ритмикалық дефиле жасайды. Жанрдың ерекшелігі мен ойынсауықтығы  дабылшылар взводын (қалалық, облыстық, республикалық) шаралардың қатысушы ретінде қажеттілігін көрсетеді. Астана қаласында өткен «Меценат — 2012» атты республикалық іс-шараға қатысқан.
 

 

Карабинщиктер взводы жоғары шеберлігімен және кәсіпқорлығымен ерекшелінеді. Жiгiттер қарумен көрініс көрсетуде өздерінің шеберлігімен көрермендерді таңқалдырады. Көрініс бағдарламасы эстрадалық әуендермен сүйемелделеді. Тыңдаушылар тек қана жалпы академиялық іс-шаралармен қатар облыстық шараларға қатысады.
 

 

Ақындық оқыту үйірмесі  барлық курстардың жан-жақты шығармашылық қабілеті бар тыңдаушыларын қызықтырады. Үйірме жұмысында тыңдаушылар шығармашылық жарыстарға қатысып, өздерінің шығармаларымен таныстырады, сонымен қатар салтанатты іс-шаралардың жүргізуші ролінде өздерінің шеберлігін көрсетеді. Академияда Қостанай облысының мәдениетке еңбегі сіңірген қайраткерлерді, танымалы ақындарды, І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актерларын, сазгерлерді шақыруымен  шығармашылық тақырыптық кештер ұйымдастырылады.
 

 

Тыңдаушылардың қоғамдық өміріне қатысуы — эстетикалық және мәдени деңгейін дамытуымен бірге келешектегі мамандығына қызығушылықтарын арттырады, оқуға деген ынтасын сонымен бірге тұлғалық және кәсіптік сапасын қалыптастырады.