Ғылыми-зерттеу орталығы

Ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеу қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылымдық бөлінісі болып табылады.Ғылыми зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі №247 «Штаттық-ұйымдастыру сұрақтары туралы» бұйрығына сәйкес құрылған.Бұрынғы ҒЗИ ғылыми лабораториялардың  негізінде құрамына екі ғылыми зерттеу тобы енген, ғылыми-зерттеу тобы құрылды.

Орталық топтары ЖОО мамандандыруды есепке ала отыра,ғылыми зерттеу мәселелерімен айналысады.

Бөліністің даму және қалыптасу кезеңі оның бірінші жетекшісі,заң ғылымының кандидаты Рахмади Айтышевич   Назмышевтың атымен байланысты.Осы бөлімшені құруға өзінің ісіне деген сүйіспеншілігімен, ұйымдастырушылық қабілеттерімен және кәсіптілігімен үлкен үлесін  доцент, заң ғылымдарының кандидаты Рахмади Айтышевич   Назмышев – лаборатория базасында Ғылыми-зерттеу институтын құрған басшы қосты, сол сияқты оның ізбасарларын,  бөлімшенің кейінгі жетекшілерін, Академияның Ғылыми-зерттеу орталығының дамуына баға жетпес үлесін қосқандарды атап өтуге болады: заң ғылымдарының докторы И.В. Корзун, заң ғылымдарының кандидаты Г.М. Байзакова, заң ғылымдарының кандидаты А.З. Ибраев, заң ғылымдарының кандидаты Д.А. Ким, заң ғылымдарының кандидаты Т.Р. Елешов және заң ғылымдарының кандидаты С.К. Кульдинова.

Орталық қызметінің  орташа мерзімді болашағы  жыл сайынғы  Мемлекет басшысы Жолдамасының, білім саласындағы мемлекет саясатының, Қазақстан Респубилкасы ІІМ Алқа шешімі және басқа құқық қорғау органдары бағдарламалық құжаттарының белгілі міндеттерін есепке ала отыра анықталады.

Орталық қызметі ІІМ құрылымдық бөліністермен  тығыз қарым – қатынаста, аймақтық құқық қорғау органдары және үкіметік емес ұйымдар ғылыми зерттеудің тапсырыстармен жұмыс істейді.

Орталық қызметінің негізгі басымдығы болып   тәжірибелі органдарының сұраныстарына ғылыми зерттеулер қорытындысының бағдарлауы болып табылады.

Ғылыми-зерттеу орталығы өзінің қызметінде:

1) Ішкі істер органдары қызметінің аясында Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-атқару саясатының стратегиясын ғылыми дәлелдеу;

2) Ішкі істер органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, ұйымдарымен және ведомстваларымен өзара-әрекеттесуі және формаларының негізгі бағыттарын ғылыми негіздеу, олармен өткізіліп жатқан ғылыми зерттеулерді  жүйелеу;

3) мемлекеттік мекемелермен, ғылыми зерттеу институттармен, оқу орындармен, Қазақстанның және шетел мемлекеттерінің ғылыми зерттеу қызметіне бағытталған мемлекеттік емес ұйымдармен шығармашылық  өзара әрекеттесуі;

4) Ішкі істер органдары қызметінде, оқу процесінде, арнайы басылымдарда және әр түрлі деңгейдегі конференциялардағы ҒЗО ғылыми зерттеу нәтижелерін саралаудан өткізу;

5) ғылыми зерттеу қызметінің бағыттары бойынша әлеуметтік-құқықтық зерттеулерді, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін ұйымдастыру;

6) ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып жатқан, сондай-ақ ҒЗО қызметінің бағытына сәйкес диссертациялық жұмыстардың шегінде, ғылыми және практикалық қызметкерлерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

7) Ішкі істер органдарындағы қызметінде, оқу-тәрбиелеу процесінде,  ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен берілген өтінімі бойынша алынған қорытындыларға аналитикалық материалдарын және шолуларды дайындау;

8) ҒЗО қызметінің бағыты бойынша ғылыми мақалаларын, ғылыми және оқу әдебиеттерін дайындау;

9) заң шығарушы және ведомстволық нормативтік актілердің келісім шарты негізінде  жобаларды сараптамалық бағалауын жүзеге асыру.


Ғылыми-зерттеу орталығы бастығының орынбасары, құқық магистрі,
полиция подполковнигі
Мухтабаева Райгуль Курмановна

Ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам. Ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады, құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдары бар, орталықтың ғылыми зерттеулері бойынша авторлық ұжымының мүшесі болып табылады. Ғылыми зерттеуі және әртүрлі қызметтік мәселелері бойынша ҒЗО топтарының жұмысын үйлестіруін қамтамасыз етіп, ғылыми және қызметтік құжаттарының уақытында дайындалуы үшін тиісті деңгейінде бақылауды жүзеге асырады. Орталықтың қызметін жоспарлау бойынша ұсыныстарын енгізеді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы және пенитенциарлық қызмет проблемаларын зерттеу жөніндегі тобы:

Ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі
Кожмухамедова Гульмира Бисимбаевна

Ішкі істер органдарында жұмыс уақыты 17 жылдан

Ғылыми қызметкер, құқық қорғау қызметінің магистрі, полиция майоры Тулкинбаева Шолпан Жолтаевна
Ішкі істер органдарында жұмыс уақыты 12 жылдан

Ғылыми қызметкер, құқық магистрі, полиция капитаны
Хон Лев Олегович

Ішкі істер органдарында жұмыс уақыты 9 жылдан

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік қызметін ұйымдастыру мәселелерін зерттеу жөніндегі тобы:

Аға ғылыми қызметкер, саяси ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі
Мушанова Райгуль Мирзаяновна

Ішкі істер органдарында жұмыс уақыты 17 жылдан

Ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі
Мендыбаева Дилара Токтаровна

Ішкі істер органдарында жұмыс уақыты 22 жылдан

Ғылыми қызметкер, құқық магистрі, полиция майоры
Аужанов Рамазан Бахчанович

Ішкі істер органдарында жұмыс уақыты 13 жылдан

Инспектор – Муканова Айгуль Жаксылыковна

Топтармен келесі ғылыми зерттеулер аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталды:

  1. «Пенитенциарлы терроризімнің алдын алуын жетілдіру: келешегі және мәселелері». Жүзеге асыру мерзімі: 2012-2014 жылдар.
  2. «Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларына сотталғандарды әлеуметтік сүйемелдеудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектісі». Жүзеге асыру мерзімі: 2013-2014 жылдар.
  3. «Пробация қызметін жетілдірудегі құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері». Жүзеге асыру мерзімі: 2013-2014 жылдар.
  4. «Баламалы бас бостандығынан айыру жазаларының даму жүйесі». Жүзеге асыру мерзімі: 2013-2014 жылдар.
  5. «Қамаудағылармен қатынастың халықаралық-құқықтық стандарттары және оларды Қазақстан Республикасында іске асыру проблемалары». Жүзеге асыру мерзімі: 2013-2015 жылдар.
  6. «Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұздың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық процестік мінездемесі». Жүзеге асыру мерзімі: 2015-2016жылдар.

Қазіргі таңда келесі ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

  1. «Әкімшілік полиция бөліністерінің әкімшілік-құқықтық өкілеттік қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері». Жүзеге асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.
  2. «Қазақстан Республикасындағы пробация қызметі институтының дамуы: құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары». Жүзеге асыру мерзімі: 2015-2017 жылдар.
  3. «Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде азаптаудың алдын алу» Жүзеге асыру мерзімі: 2016-2017 жылдар.

Ғылыми-зерттеу орталығымен ізденіс зерттеу тақырыптары аясында ғылыми семинарлары ұйымдастырылып өткізіледі, сонымен бірге, дәрістер, дөңгелек үстелдері, Қостанай облысы ҚАЖ Департаменті мен ІІД-нің қатысуымен көшпелі отырыстары өткізіледі, зерттеу тақырыптары бойынша нәтижелерін енгізуі жүзеге асырлады.

2016 жылдың 21 қыркүйегінде Академияның ғылыми-зерттеу орталығымен 6697 әскери бөлімінің базасында «Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзудың қылмыстық-құқықтық және қылмыстық процестік мінездемесі» атты ізденіс зерттеуі аясында «дөңгелек үстел» өткізілді.


Академияның ғылыми-зерттеу орталығы Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметімен бірлесіп 2016 жылдың 4 қазанында «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 33 қадамын жүзеге асыру аясында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, өткізді.



2016 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ізденіс зерттеу аясында ғылыми-зерттеу орталығымен «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына қалалық прокуратурасының, Қостанай облысы ІІД ювеналды полицияның, Қостанай облысы ҚАЖД-нің, Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша арнайы ауданаралық соттың, Қостанай қаласы әкімдігінің жастар саясаты бойынша басқармасының, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Қостанай облыстық филиалының, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының, Қостанай қаласы медициналық мекемелерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


2016 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында «Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаптауларына қарсы іс-қимыл» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Ғылыми іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастамасымен және осы атаулы тақырыпта ағымдағы жылдың 15 шілдесінде ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысында кеңес мүшелерінің ұсынымдарын жүзеге асыру бойынша жоспарының бір тармағы болып табылады.





2016 ж. 27 қарашада Ғылыми-зерттеу орталығының Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының іргетасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ІІО әкімшілік-құқықтық өкілеттік қызметін жетілдіру» атты тақырыптағы II Республикалық пікір сайыс турнирі өтті.

Пікір сайыс турнирін Академия бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сейтжанов Олжас Теміржанұлы құттықтау сөзімен бастап, барлық қаысушыларды турнирдің ашылуымен құттықтап, шығармашылық табыстар, жемісті жұмыстар, батыл шешімдер, жетістікттер мен сәттілік тілеп, талқыланатын тақырыптың да маңыздылығын айтып өтті.

Пікір сайыс турниріне келесі жоғары оқу орындарынан 48 команда қатысты: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев Қостанай академисы, ҚР ІІМ Алматы академиясы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті Көкшетау техникалық институты, ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты сонымен қатар Қостанай облысы жоғары оқу орындарының: А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Челәбі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының студенттері және Қостанай қ. Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары.



2017 жылғы 7 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ізденіс зерттеу аясында ғылыми-зерттеу орталығымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын орындау саласында «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру » атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына 70-тен астам адам қатысты: академия профессорлық- оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері, магистранттар мен курсанттар, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД тәжірибелік қызметкерлері.

Қонақ ретінде  дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Светлана Федоровна Бычкова, Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару комитеті пробация қызметі жетекшісі бойынша басқарма бастығы әділет майоры Александр Викторович Тереня шақырылды.



2017 жылдың 18-19 ақпан күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған дәстүрлі «Жастар- болашақтың бастамасы» атты республикалық пікір-сайыс турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатын жүзеге асырып, «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттау, жастар арасында отансүйгіштік сезімін дамыту.

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының келесі командалары дипломдырмен мараппаталды:

БПФ форматы бойынша «Шырақбек шәкірттері» командасы – Ильясов Руслан, Каирбекова Айжан.

АПФ форматы бойынша «Курсант мырзалар» командасы – Қамбар Ерболат, Тельман Гульжанат.


2017 жылдың 23 ақпанда ғылыми-зерттеу орталығымен БҰҰ азаптауларға қарсы Комитетінің ұсыныстарын талқылау бойынша «дөңгелек үстел»  өткізілді. Онда «азаптаулар» деген ұғымды ҚР қолданыстағы заңнамасына неғұрлым толық енгізу, қылмыстардың субъектілерін кеңейту және санкцияларды күшейту мәселесі қарастырылды.

Ғылыми іс-шараға қатысу үшін Академияның жетекші ғалымдары, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы, қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминалогия өкілдері, жедел – іздеу қызметі, тергеу органдарының  практикалық қызметкерлері және ҒЗО практикасын өтіп жатқан ғылыми-педагогикалық магистратураның 2 курс магистранттары шақырылды.

Мәселелерді талқылауда өз көз-қарастарымен: ЖІҚ кафедра бастығы К.И. Юдаков; ҚҚАҚжК кафедра доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ю.И. Симонова, Қостанай қалалық ІІБ тергеу бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Е. Лешков және СПБ ТБ аға тергеушісі полиция капитаны С. Лян.




Дөңгелек үстелге Қостанай облысы бойынша ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен,  ҚАЖД  қызметкерлері, пробация облыстарының аумақтық қызметтерінің  жұмыскерлері қатысты. Сондай-ақ осы тақыраптың талқылауына ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының  оқытушылары полиция майоры Қ.С. Туретаев, полиция капитаны А.К. Исергепова, ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері полиция подполковнигі Г.Б. Кожмухамедова, полиция майоры Ш.Ж. Тулкинбаева, полиция майоры Р.Б. Аужанов, полиция капитаны Л. Хон белсенді қатысты.

2017 жылдың  15 қыркүйегінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы ҒЗО бастамасымен Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті базасында «Жаңа заңнама аясындағы пробация қызметінің өзекті мәселелері» атты  дөңгелек үстел өтті.




Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері полиция подполковнигі Д.Т. Мендыбаева, полиция майоры Аужанов Р.Б. және Хон Л.О. 1 және 3 курстың оқу топтарында кураторлық жұмысын жүзеге асыруда.

Жетекшілік ететін топтардың жұмысы, бекітілген Академияның жоспарына және патриоттық тәрбиесі бойынша бекітілген іс-шараларына сәйкес жүргізіледі және оған Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің барлығы белсенді қатысады.


Электронный адрес: nic_mvd@mail.kz

Телефоны:

8(7142)25-52-80(2-19) заместитель начальника научно-исследовательского центра.

8(7142)25-52-80(1-15)   группы научно-исследовательского центра.