«ҒЫЛЫМ» халықаралық ғылыми журнал

Редакциялық алқа

Мақалаларға қойылатын талаптар

Мақалаларды жариялау тәртібі

 

ЖАЗЫЛУ

«Қазпошта» АҚ-ның «ГАЗЕТТЕР МЕН ЖУРНАЛДАР» каталогы бойынша «Қазпошта» АҚ пошталық байланысының кез келген бөлімінде жазылуға болады, жазылу индексі – 75383.

 

НӨМІРЛЕР МҰРАҒАТЫ

2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. 2017 ж.
2010 — 1 2011 — 1 2012 — 1 2013 — 1 2014 — 1 2015 — 1 2016 — 1 2017 — 1
2010 — 2 2011 — 2 2012 — 2 2013 — 2 2014 — 2 2015 — 2 2016 — 2 2017 — 2
2010 — 3 2011 — 3 2012 — 3 2013 — 3 2014 — 3 2015 — 3 2016 — 3 2017 — 3
2010 — 4 2012 — 4 2013 — 4 2014 — 4 2015 — 4 2016 — 4

  

БАЙЛАНЫСТАР

8 (7142) 25-52-80 (120) – Табулденов Әлібек Нұрмағамбетұлы – ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы

8 (7142) 25-58-40 (факс) – хатшылық

8 (7142) 25-50-93 (164) – Садвакасова Гульзейнеп Сапарғалиевна – ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Е-mail: rio.kui@mail.ru

 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Құрылтайшы – Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы
17 қазандағы №1027 бұйрығымен заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізбесіне енгізілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен 2001 жылы 1 қазанда тіркелген. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №2325-Ж к уәлік.

2015 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен қайта тіркелді. №15156-Ж МББ тіркелу туралы куәлік.

ISSN – 2306-451Х.

Шығу мерзімі – жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан). Журналдың кезекті нөмірі басылып шығардан 2 ай бұрын дайындалады.

«Ғылым-Наука» журналына жазылу индексі – 75383. «Қазпошта» АҚ пошталық байланысының кез келген бөлімінде жазылуға болады.

Таратылу аумағы – Қазақстан Республикасы.

«Ғылым-Наука» мерзімдік ғылыми басылымының мақсаты Қазақстан мен басқа да елдердің ғалымдарының «Заң ғылымдары» саласындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ашық түрде жариялау.

Журналда ғылыми мақалалар, құқықтанудың әр түрлі салаларындағы зерттеулер нәтижелері туралы хабарламалар, заң саласындағы жаңа ғылыми басылымдарға берілген пікірлер, мемлекет және құқық мәселелері бойынша маңызды ғылыми конференциялар туралы мақалалар жарияланады.

Журналда келесі тақырыптық бағыттар бойынша мақалалар жарияланады:

Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен заңнамаларды қолданудың өзекті мәселелері;

кәсіптік оқыту және ішкі істер органдарының білікті қызметкерлерін даярлау;

әлеуметтік-гуманитарлық ілімнің өзекті мәселелері; шетелдердегі құқық қорғау қызметі; жас ғалым мінбері;

сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында өткізілген ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, профессорлық-оқытушылық құрамның басылып шыққан ғылыми жұмыстары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары және т.б. туралы ақпараттар.

 МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  1. Бұрын-соңды жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған, «Құқық» мамандығы саласындағы өзіндік ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиіс. Автор мақалалар мен басқа да материалдарды редакция алқасына ұсынған кезде, олардың өзге де басылымдарда жарияланғаны немесе ұсынылғаны туралы хабарлауға міндетті. Мақалада шетелдік зерттеушілердің ұқсас мәселелер бойынша ғылыми еңбектеріне шолулар мазмұндалуы керек.
  2. Мақаланы журналда жариялау үшін қойылатын шарттар:

— аталған ғылым саласы бойынша жетекші маманның мекеме мөрімен куәландырылған бір оң пікірі (жеке өзі немесе бірінші авторы ғылым докторы немесе кандидаты болып табылатын мақалаларды қоспағанда);

— мекеме кафедрасының (бөлінісінің) отырысында талқыланып, жариялауға ұсынылуы туралы хаттаманың көшірмесі;

үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жазылған автор(лар) туралы деректер, мақаланың атауы, аңдатпа және түйін сөздер;

— авторы (авторлары) қол қойған 8-10 бет көлемдік мақалалар. Көлемі 10 беттен асатын мақаланы қабылдау бас редактормен келісіледі;

— журналға жазылу түбіртегінің көшірмесі;

— автордың (авторлардың) фотосуреті (құжаттық сурет).

  1. МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІКТЕРІНІҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ:

— сол жақ жоғарғы бұрышына жазылған әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) индексі;

— мақаланың тақырыбы (жартылай қалың бас әріптермен), автордың (авторлардың) Т.А.Ә. (3 автордан көп болмауы керек), оның ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың жұмыс орны туралы ақпарат, қала, ел. Егер ұйымның атауында қала көрсетілмеген болса, онда ұйымның атауынан кейін үтір арқылы қаланың аты жазылады, шетелдік ұйымдар үшін қала мен елдің аты (РФ ЕАБФҚ Қиыр Шығыс кадрларды қайта даярлау институты, Хабаровск). Егер мақаланы бірнеше автор дайындаған болса, олар туралы деректер мақалаға қосқан үлестерінің маңыздылығына байланысты тәртіппен көрсетіледі;

— мақала жазылған тілдегі аңдатпа (5-8 сөйлем) және түйін сөздер (5-7 сөз) мақала мәтінінен бұрын орналастырылады;

— мақала мәтінінің форматы .doc (Microsoft Word), беттің көлемі — А4 (297х210 мм.). Беттің ақшеттері – 2 см. Times New Roman шрифті. Символ өлшемі – 14 pt. Мәтін ені бойынша тасымалдаусыз форматталуы тиіс, жол басында азат жол – 1 см. Жоларалық интервал – бірлік. Мақаланың тақырыбы ортасында жазылады. Мәтінде автоматты түрде нөмірлеу қолданылмау керек. Мәтін автормен оқылып, редакциялануы тиіс;

— мақаланы дайындау кезінде пайдаланылған ақпараттық көздер мақаланың соңында орналасады (әдебиеттер тізімі). Ақпараттық көздер оларға мақалада сілтеме жасау тәртібімен орналастырылады. Сілтемелер нөмірі мақала мәтінінде тік жақшада рәсімделеді, мысалы: [1, 15 б.]. Мақалада қолданылған әдебиеттер тізімі «ГОСТ 7.1-2003. Мемлекеттік стандарт. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелеріне» сәйкес рәсімделеді. Интернет-ресурстарға сілтеме жасағанда авторы, мәтіннің тақырыбы, алынған көзі, материалдың толық электрондық мекенжайы, оның ашылған уақыты көрсетіледі. Жеке хабарламаларға, есептерге, қорғалмаған диссертацияларға және басқа да жарияланбаған материалдарға сілтеме жасауға рұқсат етілмейді;

— түйін басқа 2 тілде беріледі (автор (авторлар) туралы мәліметтің, мақала тақырыбының, аңдатпа және түйін сөздер мәтінінің аудармасымен бірге). Егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, онда түйін орыс және ағылшын тілдерінде, егер мақала орыс тілінде болса, түйін қазақ және ағылшын тілдерінде, ал егер мақала ағылшын тілінде жазылған болса, онда түйін қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

  1. Мақаланың соңында: «мақала бірінші рет жарияланғалы тұр» деген жазба болуы керек және жазба жазылған күн мен автордың (авторлардың) қолы қойылады. Осы жерде автор (авторлар) туралы мәліметтер, тегі, аты, әкесінің аты толығымен, электрондық мекенжай, байланыс телефондары орналастырылады.
  2. Суреттер (графикалық материалдар) барлық бөлшектерінің айқын көрсетілуін қамтамасыз ететін форматта анық салынған және нөмірленген, қол қойылған болуы және электрондық тасығышта ұсынылуы керек.
  3. Пікірлері мақала авторларына жіберілместен мақалалар редакциялық алқада ішкі рецензиялаудан өтеді. Редакциялық алқа журналдың талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы. Мақалада кездесетін ғылыми тұрғыдағы және нақтылы қателер үшін автор (авторлар) жауапты. Журналдың редакциялық алқасының сұрауымен мақала қайта өңделген жағдайда, редакцияның мақаланың соңғы нұсқасын қабылдаған күні мақаланың келіп түскен уақыты болып есептеледі. Егер мақала қабылданбаса, редакциялық алқа қабылдамау себептері бойынша пікір таластырмауға құқылы. Редакцияға келіп түскен материалдар қайтарып берілмейді.
  4. Материалдарды қайта басқанда, біздің басылымға сілтеме жасау шарт.
  5. Мақала көшірмелері берілмейді, авторларға қаламақы төленбейді.
  6. Қолжазбаларды редакцияға rio.kui@mail.ru электрондық поштасына немесе келесі пошталық мекенжайға жолдауға болады: 110005, Қостанай қ., ҚР ІІМ
    Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, ҒЗжРБЖҰБ («Ғылым» журналына мақала» деген белгімен). Тел.: 8 (7142) 25-56-60, 25-50-93 (164). Факс 8 (7142) 25-58-40.

 

«ҒЫЛЫМ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ

ҚЫЗЫЛОВ

Мирлан Ахмедиевич

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (бас редактор)

(Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.)

БАЧУРИН

Сергей Николаевич

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты,

қауымдастырылған профессор (доцент )

(бас редактордың орынбасары)

(Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.)

ӘБІЛ

Еркін Аманжолұлы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

(Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.)

АБЕУОВ Еркін

Төлепбергенович

Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментінің ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқарамасы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

(Қазақстан Республикасы, Астана қ.)

АКИМЖАНОВ

Талғат Курманович

«Тұран» университеті юриспруденция және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңген қызметкері,

заң ғылымдарының докторы, профессор

(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.)

ГОРЯИНОВ

Константин Константинович

Ресей ЖОФҚ Ғылыми-зерттеу институтының Бас ғылыми қызметкері, РФ Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор

(Ресей, Мәскеу қ.)

ДЖОРОБЕКОВА

Арзыгул Мамаюнусовна

Қырғыз Республикасы ІІМ Академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары,

заң ғылымдарының докторы, профессор

(Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.)

ЖАЛБУРОВ

Еркембек Тианакбаевич

Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достастығы университеті, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңген қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.)
КИМ

Наталья Павловна

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті кафедрасының профессоры, Қазақстан ПҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.)
ҚОЛДЫБАЕВ

Сафар Абдуғалиұлы

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор

(Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.)

КРЫМОВ

Александр Александрович

Ресей ЖОФҚ Академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент

(Ресей, Рязань қ.)

ПАНИН

Юрий Иванович

Ресей ЖОФҚ Академиясы Псков филиалының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент

(Ресей, Псков қ.)

СЕЙТЖАНОВ

Олжас Темиржанұлы

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғалым хатшысы,

заң ғылымдарының кандидаты, доцент

(Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.)

СКАКОВ

Айдархан Байдекович

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті кафедрасының профессоры,

заң ғылымдарының докторы, профессор

(Қазақстан Республикасы, Астана қ.)

ТАТАРЯН

Владилен Гайкович

РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы әкімшілік құқық және іс жүргізу кафедрасының профессоры,

РФ жоғары кәсіби білім берудің Құрметті қызметкері, Еуразия академиясы әкімшілік ғылымдарының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор,

(Ресей, Мәскеу қ.)

ТОКУБАЕВ

Зайрулла Сембаевич

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары,

заң ғылымдарының докторы, профессор

(Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.)

ШЫНАРБАЕВ

Булатбек Кабдушевич

заң ғылымдарының докторы, доцент

(Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.)

 

 

«Ғылым» Халықаралық ғылыми журналының

редакциялық кеңесінің

ҚҰРАМЫ

 

БРЫЛЕВСКИЙ

Андрей

Владимирович

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты (төраға)
ЖАНДАРБЕКОВА

Гайда

Байгуровна

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты
КИМ

Дмитрий

Александрович

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы,

заң ғылымдарының кандидаты

ТОЙМАТАЕВ

Даурен

Болатович

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы,

философия ғылымдарының кандидаты

АЙСЕНОВ

Абылай

Байгунусович

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы,

филология ғылымдарының кандидаты

СЛЕПЦОВ

Игорь

Викторович

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қылмыстық, қылмыстық-атқару және криминология кафедрасының профессоры,

заң ғылымдарының кандидаты

СИМОНОВА

Юлия

Ивановна

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қылмыстық, қылмыстық-атқару және криминология кафедрасының доценті,

заң ғылымдарының кандидаты