Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі

1.Бөлініс атауы және оның міндеттері

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі — бөлім) Академияның ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа қызметінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясының (бұдан әрі — Академия) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығын, Қазақстан Республикасы ІІМ 2014 жылғы 23 шілдедегі № 455 «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 23 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының қызмет қағидалары» бұйрығын, Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдiстемелiк кешендерді дайындау,  сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары» бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 «Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жоспарын, ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың келешектік жоспарын, Академияның ғылыми-зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жоспарын басшылыққа алып жүзеге асырылады.

    • Бөлімнің негізгі мақсаты, функциялары мен міндеттері:
    • Бөлімнің күнтізбелік жоспарының қалыптасуы;
    • Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жоспары, Академияның ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың келешектік жоспары, Академияның ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жоспарының қалыптасуы;
    • Академия құқық қорғау органдары және мемлекеттік органдармен ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша өзара қатынасын ұйымдастыру;
    • Академияда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру;
    • Академия қызметінің бағыттары бойынша ғылыми мақалаларды, ғылыми және оқу әдебиеттерін дайындау,
    • Академияның басылым жоспарының орындалуын қадағалауды қамтамасыз ету;
    • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін заңнамаға, құқық қорғау органдарының қызметіне және оқу үдерісіне есепке алу;
    • Академия профессорлық-оқытушылар құрамының қызметін, басылып шыққан жұмыстар мен өткізілген конференция нәтижелерін есепке алу;
    • Академияның жыл сайындық басылым жоспарын дайындау және бекіту;
    • Әдеби және техникалық түзету және автормен редакторлық түзетуді келісу;
    • Макетті беру және баспаханаға тапсыру;
    • Академия мен Қазақстан Республикасының оқу орындары, қиыр және таяу шет елдері, үкіметтік емес ұйымдар арасында біріккен қызметі туралы шарттарды дайындау және құру;
    • Академия профессорлық-оқытушылық құрамының қиыр және таяу шет елдерінде, үкіметтік емес ұйымдарында ұйымдастырылған ғылыми іс-шараларға қатысу;
    • Ғылыми іс-шараларға қатысу үшін делегациямен алмасуды ұйымдастыру;
    • Ғылыми жинақтардың редакция алқасы, редакциялық-баспа кеңесінің өткізілуін қамтамасыз ету,
    • Ғылыми конференциялардың, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің дайындалуы және өткзілуі;
    • Академия профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттардың басқа да жоғары оқу орындары мен ұйымдарда өткізілетін ғылыми
    • конференцияларға, семинарларға және т.б. қатысу;
    • курсанттық ғылыми қоғам қызметін ұйымдастыру;
    • бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.

2.Бөлімнің тарихы

  • Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі 1996 жылы құрылды.
  • Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімін қайта құру нәтижесінде 2004 жылдың қыркүйегінде ғылыми-зерттеу бөлімшесі және редакциялық-баспа бөлімі құрылған болатұғын.
  • 2004 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың сәуіріне дейін редакциялық-баспа бөлімін полиция подполковнигі З.С. Садвакасова басқарды.
  • 2006 жылдың желтоқсанында бөлімше қайта құрылу нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөліміне өзгертілді.
  • 2013 жылдың 8 сәуірінде ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі бір құрылымға қосылды – ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа бөлімі.

    Бөлімді басқарғандар:

педагогика ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Куламбаева К.К. (1998-2004 жж.)
заң ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Шнарбаев Б.К. (2004 ж.)
заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Брылевский А.В. (2005 ж.)
полиция подполковнигі Конвисарь А.А. (2006-2008 жж.)
әділет полковнигі Зюбанова Т.Н. (2008-2009 жж.)
 

полиция подполковнигі Корнейчук С.В. (2009 ж.)

 — полиция подполковнигі Куламбаева К.К. (2009-2010 гг.)
заң ғылымдарының кандидаты, әділет полковнигі Хусаинов О.Б. (2011 ж.)
тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Сейпиева К.Р.

(2011 ж. бастап 2015 ж. дейін)

Қазіргі уақытта бөлімде жұмыс істейтіндер: бөлім бастығы – тарих ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі А.Н. Табулденов, аға ғылыми қызметкер – заң ғылымдарының магистрі полиция майоры К.А. Сарсенова, ғылыми қызметкерлер – заң ғылымдарының магистрі, полиция майоры Н.Ж. Ибраева, полиция аға лейтенанты Р.К. Байдильдина, экономика ғылымдарының магистрі, педагогика ғылымдарының кандидаты О.В. Довгань, реадкторлар: заң ғылымдарының магистрі, отставкадағы полиция подполковнигі, З.С. Садвакасова, Т.В.Красиворон, түзетушілер — С.Т. Ерденова, Р.Б. Байгазина.

3. Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми-зерттеу жұмысы оқу-тәрбие үдерісімен тығыз байланысты профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми біліктілігін арттыруға және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіне мамандарды дайындау сапасын жақсартуға жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының құрамдас бөлігі болып келеді.

Академияның ғылыми-зерттеу қызметі ІІМ ведомствосы мен бөліністердің тәжірибелік қызметіне және білімге, ғылымды біріктіруге, ғылыми-білім үдерісі негізінде дамытуға, ғылыми зерттеулер мен жаңартпа қызметінің бәсекеге жарамдылығын жоғарлатуға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі Академияның құрылымдық бөліністерде жүзеге асырылады.

Академияда ғылыми-зерттеу жұмыстары профессорлық-оқытушылық  және ғылыми құрам, білім алушылармен орындалады.

ЖОО-дағы  профессорлық-оқытушылық  және ғылыми құрамдары үшін ҒЗЖ орындалуы негізгі міндеттер санына жатады және жұмыстың жеке жоспарына сәйкес жұмыс уақытында іске асырылады.

Академияның ғылыми-зерттеу жұмысына енгізіледі:

  • ІІМ бөліністерінің және ведомстволарының практикалық қызметіндегі міндеттерді шешуге бағытталған іргелі, іздеу, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу;
  • ІІМ бөліністерінің және ведомстволарының норма шығару және практикалық қызметін ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
  • жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу;
  • оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізу;
  • оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу мен енгізу;
  • ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу процесіне және практикаға енгізу;
  • (жеке ғылыми мектептерін қалыптастыруды және дамытуды (тиісті ғылыми әлеуеті болған кезде), ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тарту;
  • зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды және жетекшілік ету.
  • ІІМ-мен келісімі бойынша халықаралық ынтымақтастық жүзеге асыру.

Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын 14 ізденістік зерттеу щеңберінде, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің басымдылық бағыттары және оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасындағы электронды сот төрелігін іске асыру аясында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі кезінде электронды-ақпараттық технологияларды қолданудың ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру – тапсырма беруші ҚР ІІМ ӘҚК (2018ж.);
  2. ҚАЖ сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастырудың қолданылып жүрген жүйесінің ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері: жай-күйін талдау және жетілдіру келешегі – тапсырма беруші ҚР ІІМ ҚАЖК (2018 ж.);
  3. 2007-ден 2017 жылдар аралығында бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын контингетке мінездемесі: Қостанай облысы бойынша сандық және сапалық көрсеткіштерін әлеуметтік зерттеу — тапсырма беруші ҚР ІІМ ҚАЖК (2018 ж.);
  4. Қоғамдық тәртіпке қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту (2018ж.);
  5. ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету (2017-2018 жж.);
  6. Учаскелік полиция инспекторлары жүргізетін сотқа дейінгі тергеуі : мәселелері мен перспективалары (2018 ж.);
  7. Қолданыстағы жазалау жүйесін және оларды атқарудың тиімділігін арттыру мәселелері (2018-2019 ж.ж.);
  8. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру (2017-2018 г.г.);
  9. Мемлекеттік тілдік саясатын іске асыру шеңберінде ҚР ІІМ Қостанай академиясы курсанттарының тілдік құзыреттерін жетілдіру (2016-2018 ж.ж.);
  10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық білім беру дамуының мәселелері мен тенденциялары (2018 ж.);
  11. Дене даярлығын оқыту әдістемесін жетілдіру (2017-2018 жж.);
  12. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындары курсанттарының атыс дайындығын оқыту бағыттарын жетілдіру (2018-2019 ж.ж.);
  13. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқық қолдану қызметіндегі құқықтық мәдениет пен құқықтық сана (2018-2019 ж.ж.);
  14. ҚР ІІО жедел іздестіру қызметін жетілдіру (2018 ж.).

Академияның ғылыми әлеуеті 1 ғылыми доктордан, 2 профессордан, 3 доценттен, 15 ғылыми кандидаттардан, 1 PhD философия докторынан, 7 полковниктан, 14 подполковниктан тұрады.

Дәрежеліліктің жалпы ұдайы 46,8% құрайды.

Қазақстанның және шет елінің жоғары оқу орындарындағы докторантурада, PhD докторантурасында, адъюнктурасында, аспирантура мен магистратурада Академиясынң 16 қызметкері білім алуда соның ішінде:

  • Ресейдің алғашқы Президенті Б.Н. Ельцин Уральск федераль университетінің докторантурасында (Кульжанова Г.Т.);
  • Б.Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының PhD докторантурасында Академияның 4 қызметкері (Калкаманулы Д., Алибекова А., Хакимов Е.);
  • Ресей ІІМ Москва университетінің адъюнктурасында (Жолдаскалиев С.);
  • Челябі мемлекеттік университетінің аспирантурасында (Туйганов М.С., Алпеисов Б.Б., Юдаков К.И., Байдильдина А.К., Жакупжанов А.О.);
  • Қырғыз Республикасы Халықаралық университетінің PhD университетінде — 1 қызметкер (Игликова С.).

Академия базасында профессорлық-оқытушылық құрамы мен курсанттардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылатын және өткізілетін ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер оқу орнының ғылыми-зерттеу қызметінің табысты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан, Академияда құқықтық жүйесі, қылмыстық, қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік құқықтың даму басым бағыттарына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, сонымен қатар «Ғылым жастар көзімен» атты курсанттар мен студентттердің халықаралық конференциясы өткізіледі.

4. Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары

Академияда курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми-техникалық үдерісінде жаңа жетістіктерін Қазақстанның ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметінде шығармашылықпен қолдану, қабілетті жоғары білім алатын мамандарды дайындау мен тәрбиелеудің сапасын арттыратын негізгі де тиімді шаралардың бірі болып саналады.

Курсанттарды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу республиканың ішкі істер органдары алдында тұрған келелі міндеттерді жүзеге асыруда олардың шығармашылық пен еңбекқорлық қасиеттерін пайдалануға жағдай жасайды.

Курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері ретінде креативті ой, шығармашылық қабілетінің дамуы; ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; білімін үнемі жетілдіре білуді және өздігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру; ғылыми білімтану әдістерін меңгеріп алу, ғылыми ақпараттарды терең және шығармашалық ұғып алу; тәжірибелік қызметте ғылыми мағлұматтарды тудыру және қолдану; келесі кәсіби қызметте ғылыми мағлұматтарды жетілдіре білу.

Академия кафедраларының 2018 жылғы жағдайы бойынша 1-4 курстарынан 317-ге жуық курсанттары кіретін 11 ғылыми үйірме жұмыс істейді.

ҚҚАҚжК кафедрасы — «Правовед» ғылыми үйірмесі;

ПжП кафедрасы — «Психолог» ғылыми үйірмесі;

ІІО-да ӘЖҰ кафедрасы – «Информатик» ғылыми үйірмесі;

МҚП кафедрасы – «Заңгер» ғылыми үйірмесі;

ЖІжРҚ кафедрасы – «Сақшы – На страже» ғылыми үйірмесі;

ҚІЖжК кафедрасы – «Следопыт» ғылыми үйірмесі;

Тілдер кафедрасы – «Полиглот» ғылыми үйірмесі;

ӘжДД кафедрасы – «Палуан» ғылыми үйірмесі;

ЖжАТД кафедрасы – «Әскер» ғылыми үйірмесі;

ӘГП кафедрасы – «Дарын» ғылыми үйірмесі;

ӘҚжӘҚ кафедрасы – «Шериф» ғылыми үйірмесі.

Академияда  ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді қатысатын курсанттарды біріктіретін, Курсанттық ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

Біздің курсанттар, — Қазақстанның болашақ ғалымдары – жан-жақты дамыған тұлғалар. Олар әскери қызметті барлық қиындықтармен қиыстырады, «үздік» оқиды, спортпен және т.б. айналысады. Қазір де өз тағдырларын ғылыми зерттеулермен байланыстырғалы келеді.

Академия курсанттары үздік ғылыми жұмыстардың халықаралық және республикалық конкурстарға қатысады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының студенттері мен тыңдаушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына өтетін Республикалық конкурсқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы оқу орындары арасындағы ғылыми жұмыстар конкурсына қатысады және бірнеше рет жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып аталған.

Біздің оқу орнымыздың курсанттары Қазақстанның, жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарында өткізілетін ғылыми конференцияларға, семинарларға тұрақты түрде қатысып отырады.

Академияда жыл сайын үздік ғылыми үйірмеге байқау-конкурсы өткізіледі, қорытындысы бойынша үздік ғылыми біріккен курсанттар, ғылыми жетекшілер мен курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауаптылар мадақталады.

Академияда үнемі шешендік шеберлер кәсіпқойларды, 1-4 курс курсанттарын біріктіретін «Заң және тәртіп» пікір талас клубы жұмыс істейді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді қатысатын курсанттар- Қазақстанның болашақ ғалымдары! Біздің балалар әрдайым шығармашалық ізденісте болып, қылмыстық, қылмыстық-атқару, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік құқық, жедел іздестіру қызметі, әлеуметтік-гуманитарлық топтаманың өзекті мәселелерін зерттейді.

Біздің тамаша курсанттарымыздан табысты ғалымдар, нағыз офицерлер – өз Отанының патриоты және өз ісінің кәсіпқойлары өсуде.  

5. Редакциялық-баспа қызметі

 Академияның редакциялық-баспа қызметінің негізгі міндеттері:

ІІМ ведомстволар мен бөліністердің тәжірибелік қызметі және жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару;

Жоғары оқу орындарының басылымдарын тәжірибелік ішкі істер органдары мен білім беру мекемелеріне насихаттау және тарату;

Академияда келесі баспа басылымдарды дайындау және жариялау жүзеге асырылады:

Монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары (оқу-әдістемелік, оқу көрнекті құралдар), практикумдар, оқу жоспарлардың барлық пәндерінен (курстан) курс дәрістері;

Білім беру үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік құжаттама (жұмыс оқу бағдарламасы, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, әзірлемелер, оқу пәндерін (курстың) немесе оның бөлігін зерделеу немесе оқыту бойынша нұсқау);

Профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер (қызметшілер), білім алатындардың ғылыми еңбектерінің тақырыптық жинақтар;

Сонымен қатар, басқа да білім беру мекемесімен және мемлекеттік органдармен бірігіп өткізілген ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференциялар, жиындар, кеңестер, ғылыми дөңгелек үстелдер мен семинарлардың материалдары;

Анықтамалық, ақпараттық және басқа да баспа өнімдері.

2002 жылдан бастап Академияда «Ғылым» халықаралық ғылыми журналы шығарылады.

«Ғылым»Халықаралық ғылыми журналы 2016 жылғы қазан айында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеттің ұсынысымен заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізбесіне енгізілді (ҚР БҒМ БҒСБК 2016 ж. 17.10. №1027 Бұйрық).

ҚР БҒМ заң ғылымдары бойынша ғылыми қызметтің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған Білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша комитеттің ұсынған басылымдар тізбесіне «Ғылым» журналының енуі жарияланатын мақалалардың мазмұнына жоғары талаптар қояды.

2016 жылы ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы «Агентство ISBN» қоғамдық қорында басып шығаратын ұйым ретінде тіркелді және ISBN 978-601-7897 халықаралық тіркеу коды бар (2016 жылғы 8 маусымдағы куәлік).

2016 жылы «Академия: Міндет, Абырой, Ерлік!» журналы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне есепке қойылды (2016 жылға 21 қыркүйектегі № 16138-Ж куәлігі).

Жыл сайын Академия қызметкерлерімен көлемі 300 б.т. тұратын 20-дан артық оқу-әдістемелік әдебиеттер атаулары басылып шығарылады.

Академия қызметкерлерімен жарияланған оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттердің саны өсуде. 2014 жылы көлемі 271,26 б.т. тұратын 23 жұмысы болса, ал 2015 жылы көлемі 302,4 б.т. тұратын 25 жұмыс, 2016 жылы – көлемі 316,69 б.т. тұратын 31 жұмыс, 2017 жылы — көлемі 340,17 б.т. тұратын 30 жұмыс  басылып шықты.

6. Халықаралық ынтымақтастық

Академия халықаралық ынтымақтастықты кадрларды даярлау саласында ғылыми және педагогикалық қызметін жүзеге асырады.

Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, ІІМ шет мемлекеттердің тиісті мекемелерімен жасаған келісімдерге, ІІМ-мен келісімі бойынша Академиямен жасаған тікелей екіжақты келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Академия халықаралық ынтымақтастықты мынадай нысандарда:

Екі жақты және көп жақты алмасу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге білім алушыларды, профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамның өкілдерін, өзге де қызметкерлерді жіберуді;

ғылыми конференцияларға, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысуды;

шет мемлекеттердің білім беру мекемелерінің оқытушыларын және құқық қорғау органдарының  қызметкерлерін  дәріс оқуға, семинар және  практикалық сабақтар өткізуге, конференцияларда сөз сөйлеуге  және басқа да  іс-шараларға қатысуға тартуды;

шетелдік азаматтарды оқытуды;

професорлық-оқытушылық және ғылыми құрамын, магистранттарын және докторанттарын шетелдік ғылыми және оқу орындарына педагогикалық және ғылыми тағылымдамаға жіберуді;

бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми еңбектерді, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп шығаруды;

ғылыми-әдістемелік деректер базаларымен алмасуды;

халықаралық және шетелдік ұйымдар мен қорлар қаржыландыратын әртүрлі бағдарламаларға қатысу, сондай-ақ шетелдік әріптестермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен қорлары қаржыландыратын әртүрлі бағдарламаларға қатысуды жүзеге асырады.

Біріккен ғылыми зерттеулерді өткізу, тәрбиелік іс-шаралар, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен алмасу, ішкі істер органдары үшін кадрларды даярлау саласында Академияда Ресей Федерациясының, Белорусь, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да қиыр және таяу шет елдерінің жетекші ведомстволық жоғары оқу орындары және азаматтық білім беру ұйымдарымен көптеген келісімшарттары, өзаралық ынтымақтастық туралы келісімдері бар.

  1. 2008 жылғы 23 сәуірдегі Ресей ЖОФҚ Самара заң институтымен ынтымақтастық туралы келісім (белгісіз мерзімге);
  2. 2008 жылғы 5 мамырдағы Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» PRI өкілдігімен ынтымақтастық туралы келісім;
  3. 2009 жылғы 15 мамырдағы Ресей ЖОФҚ Академиясының Псков филиалымен ынтымақтастық туралы келісім (белгісіз мерзімге);
  4. Қостанай облыстық ЖҚТБ-мен күресу және оның алдын алу жөніндегі орталығы, Қостанай облысының туберкулезге қарсы диспансер, Қостанай қалалық белгілі мекенжайы жоқ тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығы, «ЖҚТБ Шығыс-Батыс қоры», «Көмек» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандум – 2009 ж. 5 қараша (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  5. 2012 жылғы 25 қыркүйектегі Ресей ЖОФҚ Вологда құқық және экономика институтының ынтымақтастығы туралы келісімі (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  6. 2013 жылғы 6 наурыздағы Ресей ЖОФҚ Воронеж институтының ынтымақтастығы туралы келісімі – (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  7. 2013 жылғы 13 маусымдағы Ресей ЖОФҚ құқық және басқарма академиясының ынтымақтастығы туралы келісімі (Рязань қ.) (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  8. 2013 жылғы 26 қыркүйектегі М.В. Ладошин атындағы Челябі экономика және құқық институтының ынтымақтастығы туралы шарт (белгісіз мерзім);
  9. 2013 жылғы 6 наурыздағы Ресей ЖОФҚ Кузбасс институтымен ынтымақтастық туралы келісім (белгісіз мерзім);
  10. 2013 жылғы 26 қыркүйектегі Украина қылмыстық-атқару қызметінің институтымен ынтымақтастық туралы келісімі (Киев қ.) (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  11. Ресей ЖОФҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ынтымақтастығы туралы келісімі (Киров қ.)– 2014 ж. 11 мамыр (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  12. Қырғыз Республикасы ІІМ милиция генерал-майоры Э.А. Алиев атындағы Академиясының ынтымақтастығы туралы келісімі – 2014 ж. 6 маусым (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  13. Ресей ЖОФҚ Томск қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ынтымақтастығы туралы келісімі – 2014 ж. 10 қыркүйек (мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған);
  14. 2015 жылғы 17 желтоқсандағы Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул заң институтымен білім беру және ғылым қызметі саласында ынтымақтастық туралы келісім;
  15. 2016 жылғы 2 наурыздағы Ресей Федерациясы Санкт-Петербургпен білім беру және ғылым қызметі саласында ынтымақтастық туралы келісім;
  16. 2016 жылғы 30 сәуірдегі Ресей Федерациясы ІІМ Омск академиясымен ынтымақтастық туралы келісім;
  17. 2016 жылғы 6 желтоқсандағы Ресей ЖОФҚ Перм институтымен ынтымақтастық туралы келісім (3 жылға ұзартылды);
  18. 2017 жылғы 15 ақпандағы Ресей Федерациясы ІІМ Краснодар университетімен ынтымақтастық туралы хаттамасы;
  19. 2017 жылғы 16 ақпандағы Белорусь Республикасы ІІМ Академиясымен ынтымақтастық туралы келісім (5 жылға ұзартылды);
  20. 2017 жылғы 25 қаңтардағы Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясымен ынтымақтастық туралы келісім,
  21. 2013 жылғы 29 наурыздағы РФ ЖОФҚ Владимир заң институтымен ынтымақтастық туралы келісім (5 жылға ұзартылды);
  22. 2017 жылғы 25 мамырдағы Ресей Федерациясы ІІМ Қиыр Шығыс заң институтымен ынтымақтастық туралы хаттама.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы ІІМ Сибир заң институтымен ынтымақтастықты орнату бойынша мәселесі аяқталуда.

2015 жылы Академия полицей академиясының Халықаралық қауымдастығының (INTERPA) толық құқықты мүшесі болды.

Полиция академияларының халықаралық ассоциациясы (INTERPA) әлемнің 22 елінің ішінен 24 құқық қорғау бағдар білім беру мекемесінің өкілдерінің қатысуымен құрылды.

Қазіргі уақытта Полиция академияларының халықаралық қауымдастығының мүшелері әлемдегі 45 елінің ішіндегі 53 оқу орындары болып табылады.

Қауымдастық полиция оқу орындары арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіру әрекетін дамыту үшін коммуникациялық тұғырнамасын құру мақсатында негізделген. INTERPA қызметі полицейлік білім беру және оқыту, құқық тәртібі саласында ғылыми және академиялық зерттеуді өткізу, озық тәжірибемен алмасу, бар ресурстарды тиімді қолдануға байланысты мәселелердің шешімдеріне бағытталған. INTERPA елінің мүшелері арасындағы өзаралық пен теңдік қағидасына негізделе отырып, қауымдастық әлемдегі түрлі елдің құқық қорғау органдары үшін кәсіби кадрларды даярлау саласында жетекші ұйымдардың бірі болды.

 Тел: 8 (7142) 26-02-80 (1-20, 1-58, 1-64, 1-18)