ОҚЫТУДЫҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ АРНАЛҒАН КҮНДІЗГІ ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыру үшін жағдайын құруына, курсанттарға болашақ мамандықты игеруінде көмек көрсетуіне, ішкі істер органдары қызметкерлердің адамгершілік, азаматтық және кәсіби қалыптасуына бағытталған тәрбие жұмысына ерекше назар аударылады.

Бірінші курста тәрбие жұмысы ведомстволық оқу орнындағы курсанттардың оқу және қызметтік әрекеттердің жағдайларына табысты бейімделуіне бағытталған (кәсіби-психологиялық сапалардың алғашқы деңгейін анықтау, оқу-тәрбие жаңа шарттарына ыңғайласу, қарым-қатынастың қолайлы ортасын құру, қызметтік этикетінің және мінез-құлығы мәдениетінің дағдыларын қарастыру, курсанттардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту.)

Екінші курста тәрбие жұмысы ұжымның біріктіруіне бағытталған (тренингтер, қызықты ойындар мен жаттығулар, курста қолайлы психологиялық атмосферасын жасау, салауатты өмір салтына курсанттардың пейілін нығайту, курсанттардың қызығушылықтары мен тілектердің ойға алуымен мәдени-көпшілік және спорттық-сауықтандыру іс-шаралардың өткізуі)

Үшінші курста тәрбие жұмысы курсанттардың кәсіби-мағыналы қасиеттерін дамуына бағытталған (мінез-құлығы мәдениетінің деңгейін арттыру, кәсіби қарым-қатынастың және өзара іс-әрекеттің қалыптастыруы үшін ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлерімен кездесулер өткізу, өзіндік білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту, жеке тұлғаның пайдалы өзін-өзі шешуі).

Төртінші курста тәрбие жұмысы түлектердің өзіндік кәсіби қызметінің дайындығына бағытталған (түлектердің кәсіби қызметіне психологиялық дайындығын қалыптастыруы, таңдалған мамандыққа деген жауапкершілігін мойындау, қызмет жағдайларына кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделу мерзімдердің қысқартуына бағытталған психологиялық іс-шаралар кешенін өткізу).

Осы бағдарлама оқытудың бүкіл кезеңіне күндізгі оқыту факультетінің курсанттарымен тәрбие жұмысының негіздірін анықтайды және ішкі істер органдары қызметкерінің жеке тұлғалығын қалыптастыруына бағытталған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралардан құрылады. 

  1. Оқу және қызметтік бабының жағдайларына күндізгі оқыту факультетінің 1-курс курсанттарының табысты бейімделу процесіндегі тәрбие жұмысы 
Бейімделудің мақсаты Оқу және қызметтік бабының  жағдайларына курсанттар-

дың табысты  бейімделу процесіндегі тәрбие жұмысының міндеттері

Тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлері
1 Оқу және қызметтік бабы жағдайларына күндізгі оқыту факультетінің 1-курс курсанттардың бейімделу мерзімін

оңтайландыру

Курсанттардың кәсіби-психологиялық қасиеттерінің бастапқы деңгейінің диагностикасы. — курсанттардың кәсіби-психологиялық қасиеттерін анықтау мақсатындағы сауалнама;

— курсанттардың психологиялық мінездемесін құрастыру;

— тәрбие әсері мен психологиялық сүймелдеуінің қосымша шараларын талап ететін тұлғаларды анықтау

    Курсанттарда өзіндік талдауы мен өзіндік жетілдіру мақсатын қалыптастыру. — оқытуға деген төмен ынтасы бар курсанттармен жеке психологиялық кеңес беруді өткізу;

— ведомстволық оқу орнында бейімделу және оқыту мәселелері бойынша конференцияны өткізу

(оқу пәндерімен, оқыту әдістемесімен таныстыру, кітапханалық қорымен  пайдалану тәртібі және оқу мен ғылыми әдебиетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, ғылыми үйымдар, спорттық секциялары мен көркемөнерпаздар үйымдардың жұмысын ұйымдастыру.)

    Қарым-қатынастар мен мінез-құлығы дағдыларын дамыту.

 

— тренингтік іс-шаралардың өткізу арқылы оқу топтарда тұлғааралық ерекшеліктерді зерделеу;

— курсантардың коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін зерделеу;

—  психологиялық бақылау тобына кіретін курсанттармен жеке-психологиялық жұмысын өткізу;

— курсанттар өзін-өзі басқару органдарын құру (кіші командирлер кеңесі, курсанттар кеңесі), активті таңдау;

— жалпыкурстық ұйымдастырушылық жиналыстарды өткізу (құқықтар мен міндеттермен, күн тәртібімен, оқу орнында, қоғамдық орындарында және т.б. мінез-құлығы ережелерімен таныстыру);

— атаулы күндерге арналған жауынгерлік парақтар мен  қабырға газеттерді дайындау;

— курсанттардың жалпы академиялық мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ғылыми конференцияларға, қатысу бағытымен ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының бастапқы дағдыларын қалыптастыру.

    Курсанттардың ішкі істер органдарында қызмет етудің маңыздылығы, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша жеке жауапкершілігін анықтауы. — 2007 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери ұйымдастырулардың жалпы әскери Жарғылары», Қазақстан Республикасы Президентінің № 364 Жарғысын,  2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi)» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарғысын,

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын саяси ақпараттардың өткізу шеңберінде оқыту.

— оқу топтардың кіші командирлерінің аттестациясын өткізу.

    Курсанттардың моральдық-этикалық қызметтік ережелерін анықтауы. — ЖОО-ның тарихымен, құрылудың негізгі кезеңдерімен, тұңғыш басқарушыларымен таныстыру мақсатында және ЖОО-на бейімделуіне байланысты, Академия мұражайына экскурсия өткізу;

— Ант қабылдауының салтанатты рәсімін өткізу;

— «Психолог атағын алуына бекіту» іс-шараны өткізуі;

— қызметтік куәліктерді тапсыруына арналған салтанатты рәсімін өткізу;

— Білім күніне, Қазақстан халықтарының Тілдер күніне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Тәуелсіздік күніне, Наурыз мейрамына, Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне, Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне, Полиция күніне, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жалпы академиялық іс-шараларды ұйымдастыруы;

— Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттердің қатысушыларымен кездесулерді ұйымдастыру;

— Қостанай облысы ІІД мұражайына, өлкетану мұражайына, кітапханаларға, Достық Үйіне және т.б. бару;

— «Қазіргі заман қаһарманы» жалпы республикалық акцияның қатысушыларымен кездесулерді өткізу.

    Курсанттарды спорттық-көпшілік қызметіне тарту. — курсанттардың мамандық алуына дене шынықтыру дайындығы деңгейінің талаптары туралы ақпараттандыру;

— спорттық секцияларға қатысу;

— спорттың қолданбалы түрлері бойынша жарыстарға қатысу (қоян қолтық ұрыс, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, самбо, қазакша күрес және т.б.);

— «Міндет, абырой, ерлік» жалпы академиялық журналында, Академия сайтында, республикалық, облыстық және ведомстволық бұқаралық ақпараттар құралдарында дене шынықтыру мен спортты насихаттау.

Сонымен, күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттардың табысты бейімделуі – ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерінің кәсіпқорлығын қалыптастыру және жалпы мәдениетін дамыту үшін қолайлы негізі. Бірінші курс курсанттардың жаңа өміріне және қызметіне бейімделу процесін жеделдету, оқытудың бастапқы кезеңінде пайда болатын психологиялық ерекшеліктерімен психикалық жағдайлардың зерттеуі маңызды міндеттері болып табылады.

Психологиялық қолдау маңызды болып табылады. Академиядағы оқу процесінің мазмұнына және ұйымдастыруына бейімделу мерзімін қысқартуына ізгіниетшілік, ілтипат себепші болып табылады. Әр адамға жеке көзқараспен қарау –  курс басшылығы офицерлерінің, тәрбие жұмысы бөлімінің, оқу топ жетекшілердің жұмысындағы негізгі принципі болып табылады. 1 курста курсанттарға кездесетін қиыншылықтарды айқындалуы және оларды жеңіп алу жолдарын анықтауы, академиялық белсенділігімен үлгерімін және білім алу сапасын  арттыруға жол ашады.

  1. Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттардың арасында қолайлы моральдық-психологиялық климатының орнатуына және ұжымның біріктіруіне бағытталған тәрбие жұмысы 
Ұжымның біріктіру мақсаты Ұжымның біріктіру және қолайлы климатының құру процесінде тәрбие жұмысының міндеттері Тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлері
1 Курстың біріктіруін арттыруы, тұтас топтық субъектісі ретінде ұжымның дамуы.

 

 

Жалпы командалық рухын қалыптастыру және күшейту, жалпы міндеттерді шешу жағдайындағы, әр курсантының қосқан үлесімен жауапкершілігінің дамуы. — өзара сенімділігін арттыруына бағытталған психологиялық тренингтерді өткізу, қарым-қатынаста кездесетін кедергілерді жеңіп алу, біріктірілген әрекеттер дағдыларына үйрену;

— тәрбие әсерінің қосымша шараларын талап ететін курсанттармен жұмыс;

— курсанттар, сонымен қатар курсанттар мен офицерлер арасындағы заңсыз өзара қарым-қатынастардың мәселелері бойынша анонимдік сауалнама өткізу;

— курсанттардың сыбайлас жемқорлық пен байланысты құқық бұзушылықтарға деген көзқарастары туралы сауалнамасын өткізуі және сыбайлас жемқорлық бағытындағы іс-әрекеттермен күресудің себептерімен тәсілдерін анықтау;

— ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климаты мен тұлғааралық қарым-қатынастарды құруына бағытталған сауалнамасын өткізу.

    Мемлекеттік-құқықтық көзқарасын, адамгаршіліктік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру, қарым-қатынастың мәдениетін арттыру

 

— мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі мәселелері бойынша саяси ақпараттар өткізу;

— ішкі істер органдарында қызметті қадағалайтын негізгі нормативтік құқықтық актілерін зерделеу;

— Қостанай облысы ІІД  мұражайына, өлкетану мұражайына, Ы. Алтынсарин атындағы мұражайына экскурсиялар өткізу, сонымен қатар кітапханаларға, Достық Үйіне және т.б. орындарға бару.;

—  Қазақстан халқына еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылдағы Жолдауын іске асыру бойынша білім аукциондарын, викториналарын, брейн-рингтерін, философиялық оқуларын, интеллектуалдық шоу және дөңгелек үстелдерін өткізуі;

— қызықты адамдармен (ақындармен, жазушылармен, мәдениетке еңбектері сіңірген қызметкерлерімен және т.б.) кездесу өткізуі;

— «Дельфин» бөбек балалар үйіне, Қостанай қ. № 2 түзету мектеп-интернатына шефтік көмегінің жүзеге асыруы;

— курс курсанттарының өзін-өзі басқаруды құру бағытында курсанттарда өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру (курсанттар кеңесі, кіші командирлер кеңесі);

— Академия бойынша бекітілген ардагерлерге шефтік көмегін көрсету;

— республикалық, облыстық мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу («Парасатты полицей», «Студенттік көктем», дебат турнирлері, КТК, олимпиадалар және т.б.);

— шығармашылық және ұйымдастырушылық әлеуетінің дамытуы үшін көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысу.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру. — Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша Қостанай облыстық орталығымен бірлесіп «ЖҚТБ және оның алдын-алуы»; «Зиян әдеттер және олардың адам денсаулығына зиян етуі»; «Туберкулез және оның алдын алуы» және т.б. тақырыптар бойынша дәрістерді өткізуі.;

—  спорт секцияларына қатысу;

— спорттың қолданбалы түрлері бойынша жарыстарға қатысу (қоян қолтық ұрыс, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, самбо, қазақша күрес және т.б.);

Сонымен, күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарымен өткізілетін тәрбие жұмысы алдымен ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатының орнатуына, қарым-қатынас мәдениетін және коммуникативтік дағдыларын тәрбиелеуі, өзара қарым-қатынастың түзетуіне, курсанттарды оқу орнымыздың салт-дәстүрлері мен тарихына тарту, шығармашылық, өзіндік, дені сау тұлғаның дамуына бағытталған.

  1. Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттардың кәсіби-мағыналық қасиеттерін дамуына бағытталған тәрбие жұмысы 
Тәрбие жұмысының мақсаттары Кәсіби-мағыналы сапалардың даму үрдісінде тәрбие жұмысының міндеттері Тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлері
1 Кәсіби-мағыналы қасиеттерін қалыптастыру. Курсанттардың мәдениет деңгейін арттыру. —  кәсіби қарым-қатынасы мен өзара қарым-қатынастардың іс-әрекетінің дағдыларын, кәсіби этикасын қалыптастыру үшін ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлерімен кездесулерді өткізу;

— Қостанай облысы ІІД  мұражайына, өлкетану мұражайына,  Ы. Алтынсарин атындағы мұражайына, экскурсияларды ұйымдастыру, сонымен қатар кітапханаларға, Достық Үйіне және т.б. орындарға бару.;

— көркемөнерпаздар үйірмесінде қатысу;

— («Парасатты полицей», «Студент көктемі», пікірталас турнилері, КТК, олимпиадалар және т.б.) республикалық, облыстық мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу;

— қызықты адамдармен (ақындармен, жазушылармен, мәдениет және т.б. салалардың еңбек сіңірген қызметкерлерімен) кездесулерді өткізу;

— «Жас отбасы» клубының жұмысын құру және ұйымдастыру.

    Курсанттардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. — курсанттардың шығармашылық өзіндік жұмысында негізделген қазіргі заманға сай келетін оқыту технологияларды білім беру процесіне енгізу;

— қазіргі заманға сай оқытудың түрлері мен әдістерді (ойындар, тренингтер, ашық сабақтар) оқыту процесінде пайдалану;

— курсанттардың құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми конференцияларға қатысуы;

— курсанттардың арасында үздік ғылыми жұмысы бойынша байқауларын өткізу;

— Жас зерттеуші мектебі жұмысын ұйымдастыруы;

— «Міндет, абырой, ерлік» курсанттар газетінің шығарылымы;

    Курсанттардың кәсіптік қарым-қатынасын және өзара іс-әрекетін қалыптастыруы. — ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатын орнатуға бағытталған сауалнамасын өткізу;

— тәжірибелік сарттай сабақтарын өткізу;

— емтихандық сессияның тапсыруы, қызметтік тәртіппен заңдылықтың жағдайы, Академия қоғамдық жұмыспен қамтылуы және т.б. туралы мәселелерін қарастыруымен тоқсан сайынғы жиналыстарын өткізу;

— психологиялық бақылау тобына кіретін курсанттармен, сонымен қатар тәрбие және психологиялық сүймелдеудің қосымша шараларын талап ететін (қызметтік тәртіптік бұзуларын жіберетін, оқуға төмен ынтасы бар және т.б.) курсанттармен психотүзету жұмыстарын өткізу  ;

— курсанттармен кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамуытуына бағытталған психологиялық тренингтерді өткізу;

— Орта оқу орындарында әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша өзіндік дәріс оқуға дайындау үшін «Жас дәрісші мектебінің» құруы.

    Курсанттардың қоғамдық және қызметтік белсенділігін қалыптастыруы. — курсанттардың өзін-өзі басқару жұмыстарына (кіші командирлер кеңесі, курсанттар кеңесі) курсанттарды тарту;

— курсанттардың аймақтың көркейуіне (оқу аудиториялар, тұрғын үй жайлары, бекітілген аймақтың жасылдандыру) қатысуы;

— курс кіші командирлердің жыл сайынғы аттестациясын өткізу;

— демалыс және мереке күндерінде мәдени-көпшілік және спорттық-сауықтандыру іс-шараларын өткізу.

    Курсанттарда өзін-өзі талдау, өзін-өзі білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын дамыту. — өзін-өзі бақылау дағдыларды дамыту бойынша тренингтерді өткізу, экстремалдық жағдайларда мінез-құлығының стилін әзірлеу бойынша тренингтер өткізу;

— Академия аймағынан тыс тұратын курсанттардың ата-аналарымен өзара іс-әрекет жасау.

    Курсанттарда әлеуметтік-құқықтық қорғаушылығын қалыптастыру, жеке қауіпсіздігінің қамтамасыз ету дағдыларын дамыту. — 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін зерделеу (полиция қызметкерлерінің құқықтық ережесі, әлеуметтік кепілдіктері, қызметтің ұйымдастыру жүйесі);

— Академия аймағынан тыс тұратын курсанттардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру;

— Жауынгерлік даярлау және өзін-өзі қорғау дағдыларын арттыру мақсатында, «Камал» жедел-тактикалық жоспарын әзірлеу;

— бүкіл үлес түрлері бойынша тиісті нормаларын курсанттарға жеткізу;

— курсанттарды оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиетімен, мерзімдік басылымдармен  қажетті көлемі бойынша қамтамасыз ету.

Сонымен, күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттарымен тәрбие жұмысы жеке тұлғаның кәсіби-мағыналы қасиеттердің және жеке тұлғааралық қарым-қатынасы мәдениетінің, өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі тәрбиелеуінің дамуына бағытталады.

  1. Күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттардың жеке кәсіби қызмет  атқаруынабағытталған тәрбие жұмысы   
Тәрбие жұмысының мақсаты Жеке кәсіби қызметіне түлектердің дайындалу үрдісінде тәрбие жұмысының міндеттері    Тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлері
1 Түлектермен болашақ кәсібінің әлеуметтік және кәсіби рөлдерін меңгеруі. Түлектермен болашақ кәсібінің әлеуметтік және кәсіби рөлдерінің мәнін анықтауы. — курсанттарға ішкі істер органдарында қызметті қадағалайтын нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын жеткізу және түсіндіру;

— диплом алды тәжірибенің өтуіне дайындық бойынша ұйымдастырушылық жиналыстың өткізуі (жұмыс бойынша әріптестермен өзара қарым-қатынасы, арнайы контингентпен жұмыс бабындағы мінез-құлық ережелері, экстремалдық жағдайларда қызметкерлердің мінез-құлығы, қылмыстық субмәдениетінің әсері және т.б.);

— тәжірибенің өту орны бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері санынан курсанттарға жетекшілерді бекіту;

— ішкі істер органдардың тәжірибелі қызметкерлерімен курсанттардың кездесуі;

— салтанатты іс-шараларды өткізу:

·                 Оқытудың теориялық бөлімінің аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау»;

·               Күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттардың шығарып салуы, жоғары оқу орнын бітіру туралы дипломдарын тапсыру және «полиция лейтенанты» алғашқы офицерлік атағын беру.

    Түлектердің қызметтік міндеттерін атқаруына психологиялық-педагогикалық дайындығының қалыптастыруы. — «Экстремалдық жағдайларда ішкі істер органдары  қызметкерлерінің қызметтік психологиясы», «Ішкі істер органдардың жеке құрамымен тәрбие жұмысының негіздері» тақырып бойынша дәріс өткізу:

— қызметтік іс-әрекетінің шарттарына кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделудің мерзімдерін қысқартуға бағытталған психологиялық іс-шаралар кешенін өткізу;

— бірінші курс курсанттарына жоғары оқитын курстардың  курсанттарының қамқорлық жасауын ұйымдастыру;

— ішкі істер органдардың қызметінде психологиялық-педагогикалық аспектілердің арнайы пәндер оқытудың процесінде көрсету, жеке тұлғаға деген психологиялық әсерінің дағдыларын дамытуы, эмоциялық күйдің түзету әдістеріне оқыту;

— қаланың орта мектептер оқушыларының құқықтық тәрбиесіне арналған Жас дәріскер мектебінің жұмысына қатысу үшін курсанттарды тарту, құқықтың көкейкесті мәселелері бойынша баяндамамен шығу;

— түлектердің мемлекеттік емтихандарын тапсыру кезінде кәсіби білімдін сапасын тексеру;

— түлектердің бейімделуі және мамандарды даярлау сапасын жақсарту мәселелері бойынша облыстың ІІД, ҚАЖД бөлініс басшылығы мен түлектердін сауалнамасын өткізу.

Академия түлектерімен өткізілетін тәрбие жұмысы 4 курс курсанттардың жеке кәсіби қызметін атқаруының дайындығына, түлектердін ішкі істер органдарында болашақ мамандығының кәсіби және әлеуметтік рөлдерінің мәнін анықтау, қызметтік міндеттерін адал орындауына түлектердің психологиялық-педагогикалық дайындығын қалыптастыру.

Сонымен, жоғары жалпы және кәсіби мәдениеті бар, мінсіз мінез-құлығы мен жоғары кәсіпқорлығымен ерекшеленетін және өзінің қызметтік міндеттерін сауатты және біліктілікті орындауға қабілетті жан-жақты дамыған курсанттардың қалыптасуы Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы тәрбие жұмысының даму нәтижесі болып табылады.