Жетекшілер кеңесі

Тыңдаушылардың оқыту мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында, Қостанай академиясында Жетекшілер кеңесі жұмыс істейді.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап Жетекшілер кеңесі төрағасының орынбасары әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция аға лейтенанты Болат Бакпектұлы Алпеисов жұмыс атқарады.

Жыл сайын, Академия бастығының бұйрығымен, қызметкерлердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін және педагогикалық қызметіндегі тәжрибесін есепке алып, профессорлық-оқытушылар құрамы санынан оқу топ жетекшілері бекітіледі.

Жетекшінің жұмысы жоспарлық негізінде жүзеге асырылады. Жетекшілік ететін топтағы тыңдаушылармен өткізетін барлық қызметінің түрі бойынша ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік, талдау жұмысты көрсететін Жетекші күнделігі нақты есептік құжаты болып табылады.

Оқу топ жетекшілердін қызметі келесі міндеттерді шешуіне бағытталады:
— тыңдаушыларды оқуға деген көзқарасын, тәртіп пен заңдылықты сақтауын қалыптастыруы;
— адамгаршілік, саяси, құқықтық, эстетикалық, еңбек, денелік және басқа мәдениет саласының аспектілерін қамтитын тыңдаушының көп қырлы тұлға ретінде қалыптастыруы;
— құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға қажетті тыңдаушының кәсіби тұлғалық сапаларын дамыту;
— тыңдаушылардың жеке тұлғалық қабілеттерімен, өмір және оқу жағдайымен танысу, ата-аналырамен қарым-қатынаста болу;
— біріккен ұжымды құру, оқу тобында қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны қалыптастыру.
 

 
Жыл ағымында Кеңес отырыстарында тәрбие жұмысының, оқу топтардағы моральдық-психологиялық климатының жағдайы, жалпы академиялық мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, тыңдаушылармен жеке-тәрбие әңгімелесуін өткізу, күн тәртібі мен қызметтік тәртібін сақтау мақсатында Академия аймағынан тыс тұратын тыңдаушылардың тұрмыстық жағдайларымен танысу туралы сұрақтары қарастырылады.

Әр апта сайын дүйсенбі күні жетекшілік сағаттары өткізіледі, онда тыңдаушылардың үлгерімі, Академияның қоғамдық өміріне қатысуы, қызметтік тәртібін сақтау және т.б. сұрақтары талқыланады.

Демалыс және мерекелі күндері тыңдаушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында, оқу топтардың жетекшілері мұражайларға, театрларға, кинотеатрларға және мәдени демалыс орындарына ұжымдық шығуларын ұйымдастырады.
 

1 курс жетекшілері «Один в один» байқауын ұйымдастырды

 
Оқу топ жетекшілердің жұмысын белсендіру және жетілдіру мақсатында, жұмыс тәжірибесімен алмасу, жетекшілердің тыңдаушылармен өткізетін жұмысында инновациялық әдістемелерін айқындау мен тәжірибеге енгізуі, қызметкерлердің қызығушылығын арттыру үшін жыл сайын жалпы академиялық «Жылдың үздік жетекшісі» атты байқауы өткізіледі.

Сонымен,жетекшілер кеңесінің міндеттерін табысты іске асыруы, жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін құрайтын барлық кешенді қарым-қатынас жасауының қамтамасыз етілуі мүмкіндігін табады.