Ардагерлер кеңесі

Тәрбие жұмысын белсендіру, жас ұрпақты қызметтік және азаматтық борышын орындауына саналы түрде қарауын тәрбиелеу, белсенді, еңбекқор, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, білікті маманды ,жоғары адамгаршілік қасиеттері бар адамды  қалыптастыру мақсатымен, сонымен қатар ардагерлер мен тыл еңбекшілерімен, оқу орнымыздың ардагерлерімен тығыз карым-қатынасты ұйымдастыру  үшін Қостанай академиясында Ардагарлер кеңесі құрылып жұмысын іске асырады.
 

 
2015 жылдың сәуірінде Ардагерлер кеңесінің отырысында төрағасы болып отставкадағы полковник Татьяна Николаевна Зюбанова тағайындалды.

 
Академия ардагерлері өздерінің жасына қарамай, ерліктің бой бермеушілігінің, өмір сүйгіштігінің, мемлекеттік және қоғам қызығушылығына адал нағыз үлгі болып  табылады.
 

 
Олар қазіргі және болашақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жақсы тәлімгер болып табылады. Тыңдаушылардың патриоттық тәрбиесіне өздерінің істерімен үлгі болып үлес қосады.
 

 
Ардагерлер -Академияға жиі келетін құрметті қонақтары,олар  жалпы академиялық салтанатты іс-шараларға, жетекшілік сағаттарына және тыңдаушылармен арнайы ұйымдастырылған кездесу мен сұхбаттарға белсенді қатысады

Айтылған іс-шараларда, ардагерлер жас ұрпаққа кәсіби және өмірлік тәжрибесімен, жиналған білімімен, батырлық пен ерліктің үлгілерімен, үлгілік қызметтік борышын атқаруымен, таңдаған мамандығына деген мақтаныш сезімідерімен, болашақ жұмысына керек тәжрибелік машықтарымен бөлісіп қатысады.
 

 
Әр курсқа зейнеткерлік жасына жеткен ардагерлері бекітілген, оларға шефтік көмек көрсетіледі, мекенжай бойынша мемлекеттік және кәсіптік мерекелерімен, сонымен бірге мерейтойларымен құттықтау жасалады.

Ұлы Отан соғысының батырларымен, тыл еңбеккерлерімен, Ауғаныстан Демократиялық Республикасындағы болған жауынгарлік әрекеттерге қатысушылармен, «Қазіргі заман қаһарманы» жалпы республикалық акцияның қатысушыларымен құрмет көрсету кештер ұйымдастырылады.
 

 
Жыл сайын, тәрбие жұмысы бөлімінің қызмекерлері курс басшылығымен бірлесіп Халықаралық қарттар күнін мерекелеуіне арналған ардагерлерді құрметтеу іс шаралары өткізіледі. Оларға концерттік бағдарлама, Академия мұражайына экскурсия, сүретке түсуі ұйымдастырылады.
 

 
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндерінде Академия ардагерлері мен басшылығы, профессорлық-оқыту құрамымен күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушылары – Қостанайлық Ұлы Отан соғысының қатыскерімен тыл еңбекшілерінің ерлігіне арналған ескерткішіне гүл-шоқтарын қояды.
 

 
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіби дайындығына ардагерлердің қатысуына назар аударып, Академия Ардагерлер кеңесі өздерінің жұмысын арттырады.