Спорт

Еркін күрес

Отан қорғау үшін жасөспірімдерге қажетті моральдік және дене қасиеттерін, ұстамдылық, қайсарлықты көрсетуіне еркін күрес үлкен әсер етеді. Еркін күресті дамыту үшін жастар оның тарихын білуге тиіс. Жеке адам салтын құрастыру үшін балаларға алдынғы ұрпақтардын спорттық өмірі үлгі ретінде болу керек. Еркін күресте шабуыл, қарсыластың шабуылын пайдалану да бар, лақтыру мен жата күресу техникасы да бар. Еркін күрестің әдістері басқа күрес түрлерінде де бар. Спорттың әр түрінде спортшының дене жағынан көрсеткіштеріне анықталған талап қойылады, ал еркін күресте спортшының қандай да дене қасиеттері дамыған болса да және дене құрылысы әр түрлі болса да нәтижеге жетуге болады. Дене құрылысы әртүрлі адамдарға еркін күресімен айналысуға болады. Түрік Хуссейн Ақбаштың, бір аяғы қысқарақ болған, бірақ оған қарамастан үлкен спортта оны екі рет қана партерге түсірген. Хуссейн Ақбаш еркін күреспен айналысқанның арқасында күшті, батыл, епті болған. Өз күресімен ол еркін күрестің тактико-техникалық байлығын көрсетті. Жапония күресшісі Содзо Сосохароның сырт пішініне қарағанда қарсыластарынан нашарлау көрінген. Бірақ күрес басталғанда бәріде өзгереді екен. Ол қарсыластың қимылын пайдаланып, күрес әдістерін жасай білді. Өзінің бойының ұзындығын қолдана отырып, партерде “қайшылап” аудару әдісін енгізді.

Еркін күрес Қостанай облысында 1947 жылдан дамуын бастады. Сол 1947 жылы Әулиекөл ауданында Қазан төңкерісінің 30 жылдығына арналған тойы болды. Күрестің облыстық федерацияның 1-ші төрағасы Кәрім аға Жангабылов былай деді: Балалар кезімізде біз Қажымұқан туралы көп естігенбіз. Сол сияқты болғымыз келіп далада күресіп кететінбіз, ол кезде төселген кілем, жатықтырушылар, төрешілер болған жоқ. Жерге дөңгелек шеңбер сызылады. Осы шеңбер төреші ретінде болды. Шеңбердің сыртына шыққан балуан, шыққанын білдіріп, күрес ортада жалғасады. Жарысқа қатысатын күресшілердің бірінші топтары 1957 жылы ұйымдастырылды.

Сол кезде жарысқа толық командамен қатыспайдын, бірнеше адам болып жарысқа барады. Қостанай қаласының 1959 жылы намысын қорғағандар:

  • 52 келі салмақта-Жангабылов Кәрім
  • 57 келі салмақта –Цой Валентин
  • 100 келі салмақта –Торгашев Леонид

 

1963 жылы Алматы қаласында студенттер арасында жарыс өткізілді. Аса жеңіл салмақта бірінші және үшінші жүлде үшін белдесуге Қарағанды командасының өкілі Нұрсұлтан Назарбаев пен Қостанай командасының өкілі Кәрім Жанғабылов кілемге шақырылды. Кәрім аға сол кездесуді еске алды: Жарыстың бас төрешісі, спорт шебері Қабден Байдосов екі балуанды да атап өтті. Кілемдегі төреші спорт шебері Сағындық Сатыбалдин еді. Екеуміз бірімізді біріміз жамбас әдісіне алғымыз келеді, бірақ ыңғай бермейміз. Бір кезде Н.Назарбаев жолын тауып, бір әдісті қолданды. Кездесу Нұрсұлтанның жеңісімен аяқталып Қазақстанның туын көтерді. Нұрсұлтан батыл, әдісқой спортшылардың бірі еді, әр күрес әдісіне қарсы әдістер білді. Үшінші орын алғаныма уайымдадым, менің жаттықтырушым Огай Ювеналий Николаевич айтқан еді: уайымдама, Нұрсұлтан – жақсы балуан. Күрес туралы айтсақ балаларға үлгі  Президент – еркін күреспен жаттыққан.

1971 жылы Совет Одағының біріншілігіне Қостанай облысынан Жанғабылов Кәрім ағаның шәкірттері қатысты. Сол шәкірттердің арасында Аміржан Абдрахманов және Евгений Аман болды. Е. Аман Президенттік сайлауда біздің елбасымыздың Қостанай облысы бойынша сенімді өкілі ретінде жұмыс атқарды.

Қостанай облысының Қамысты ауданында 50-ші жылдары Қазақстанда еркін күресті дамыта бастаған Петр Филипович Матущак тұрған. Соңыра ол Алматыда Қазақстанның денешынықтыру тәрбиесі институтында жұмыс істеп, күрес кафедрасын ашуға бастаушы болды. Петр Филиповичтің шәкірттері Анатолий Колесов Олимпиаданың, Аманкелды Ғабсаттаров СССР-дің чемпиондары болып атанды, оның басшылығымен кітаптар және оқу-әдістемелік құралдар әзірленіп жазылған. Осы басылымдардың арасында ең маңызды “100 уроков вольной борьбы” кітап болып саналады.

Еркін күрес ҚР ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қажетті жылдамдықты, төзімділікті, күштілікті, батылдықты, психологиялық тұрақтылықты дамытады.

1997 жылдан бастап Қостанай заң институтында еркін күрес орталығы ашылды. Біздің институт базасында бірнеше жыл бойы облыстық жарыстар өткізілді. Осы орталықты ашуға түрткі Б.Тойлыбаев болған, сол кездегі жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының бастығы.

2000 жылы Қостанай заң институтының спорткешенінде, Қостанай заң институтының бастығы, информатикалық халықаралық Академияның мүшесі, ішкі қызмет генерал-майоры Т.Қ. Қабденовтың жүлдесі үшін облыстық деңгейде үлкен жарыс өтті. Сол жылдары Қостанай қаласында және облысында бұндай жарыстар өтпеген еді. Жарыстың жеңімпаздары арасында: Джамалов Асан, Хамитов Алмат.

2014 ж қарашаның “7-9” күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Қамысты ауданы әкімінің жүлдесі үшін еркін күрестен VI Республикалық турнир өтті.

Қатысқан командалар арасында Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды қалаларының спорт шеберлерін, әртүрлі халықаралық турнирлердің жеңімпаздарын, үздік спортшыларын ерекше атауға болады.

Әйелдер күресінен Назаркенова Самал 1 орынға ие болды.

Еркін күрестен жүлдегерлер болған:

  • 2 орын Акильбеков Айбек.
  • 2 орын Базарбаев Олжас.
  • 3 орын Елемес Данияр.
  • 3 орын Жаппар Мақсат.
  • 3 орын Минтаев Султан.
  • 3 орын Жамгиров Абай.

 

2014 жылғы желтоқсанның 11-13 аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне және Ақтан Батыр атындағы жүлде үшін еркін күрестен IV ашық облыстық турнирге Академияның тыңдаушылар қатысты.

  • 1 орын Минтаев Сұлтан 86 келі салмақ дәрежесінде.
  • 3 орын Набатов Нұрлан 60 келі салмақ дәрежесінде

 

2015 жылғы қаңтардың 29-31 аралығында 1995-1997 жылы туған жастар арасында еркін күрестен облыс чемпионаты өтті.

Академия тыңдаушылары жарысқа қатысып

— 84 келі салмақта бірінші орынды 1 курс тыңдаушысы Минтаев Сұлтан жеңіп алды.

— 60 келі салмақта екінші орынды 2 курс тыңдаушысы Акильбеков Айбек жеңіп алды.

Тыңдаушылар Қостанай облысы құрама командасында Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысты.

 

2015 жылғы ақпанның 10-12 аралығында ересектер арасында еркін күрестен Республикалық чемпионатына іріктеу мақсатымен облыс жарысы өтті.

Академия тыңдаушылары жарысқа қатысып

— 57 келі салмақта екінші орынды 2 курс тыңдаушысы Акильбеков Айбек жеңіп алды.

— 74 келі салмақта үшінші орынды 2 курс тыңдаушысы Қарсыбай Марсель иеленді.

 

2015 ж. наурыздың 6-8 күндері аралығында Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында Қостанай қаласының ашық біріншілігі өтті.

  • 2 орын Шардарбеков Акжол.
  • 3 орын Калиятов Акжан.
  • 3 орын Тезекбаев Ринат
  • 3 орын Бимолда Бекмолда
  • 2 орын Акильбеков Айбек
  • 3 орын Чуюнбаев Байдаурен
  • 3 орын Кенесбаев Каиржан
  • 2 орын Асаубаев Нурлан
  • 3 орын Нурмухан Жанболат
  • 3 орын Қарсыбай Марсель
  • 2 орын Минтаев Султан
  • 3 орын Полат Ақжан
  • 2 орын Жамгиров Абай
  • 3 орын Дулатов Орынтай
  • 1 орын Базарбаев Олжас.

 

2015 ж. наурыздың 27-29 күндері аралығында Жеңістің 70-жылдығына және ҚР ІІМ Қостанай академиясына Шырақбек Қабылбаевтың есімі берілуіне орай еркін күрестен Қостанай қаласының ашық біріншілігі өтті. «Ердің туы — намыс»

  • 1 орын Ануаров Жолдасбек.
  • 2 орын Жаппар Мақсат.
  • 3 орын Шардарбеков Акжол, Қалиятов Акжан, Жаманқараев Аманбек, Әбубакір Ернур, Өндірбай Еркебулан, Жанат Аман, Қарсыбай Марсель, Дулатов Орынтай, Арыстанов Нуралем.

 

2015 жылғы мамыр айында Академияның спорткешенінде еркін күреспен айналысатын тыңдаушылар генерал-майор Т.Қ. Қабденовпен кездесуде еркін күрестен өнерін көрсетті. Генерал-майор Т.Қ. Қабденов өз сөзінде тыңдаушыларға сәттік тілеп, келешекте жетістіктерге жетуге ойын білдірді.

2015 ж. «30 мамыр – 1 маусым» Академия спорткешенінде Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында Қостанай қаласының ашық біріншілігі өтті.

Жарыста осы оқу орынның шаңырағында тұңғыш рет 4 курс тыңдаушыларының 3 курсқа жетекшілікті тапсыру рәсімі өткізілді. Жамгиров Абай, Нұрмұхан Жанболат, Базарбаев Олжас, Абдеев Айдар, Сәдуақасов Нұрқанат, Байдильдинов Нурсултан, Сейлхан Аскар, Мубараков Ельдар, Абдраманов Жадырасын сияқты 4 курс тыңдаушылары 3 курсқа жалаушаны тапсырды. Аталған тыңдаушылар Академияда ғана емес, басқа қалаларда да спорттық ісшараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты. 4 курс атынан сөз алған команда капитаны Абай Жамгиров Академия басшылығына, жеке ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі М.А.Қызыловқа жалпы спортты, оның ішінде еркін күресті қолдаған үшін ризашылығын білдірді.

3 курс атынан эстафетаны курсант Әбубәкір Ернұр қабылдады, ол Академия басшылығына ризашылығын білдіріп кіші курстағы тыңдаушыларына қарап спорттық шаралардың ұйымдастыруына қажет көмек беретіні туралы айтып, сендірді.

Жарыс ашылғаннан кейін боз кілем үстінде қызық белдесулер басталды.

Біріншіліктің қорытындысына сәйкес салмақ дәрежелері бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Олар медальдармен, грамоталармен марапатталды.

Бірінші орын алғаны үшін марапатталғандар:

  • 57 келі салмақ дәрежесінде Тезекбаев Ринат 1 курс
  • 61 келі салмақ дәрежесінде Өскенбай Әмірхан 1 курс
  • 65 келі салмақ дәрежесінде Бақытов Думан 1 курс
  • 70 келі салмақ дәрежесінде Сәдуақасов Нұрқанат 4 курс
  • 74 келі салмақ дәрежесінде Жаппар Мақсат 1 курс
  • 86 келі салмақ дәрежесінде Ануаров Жолдасбек 1 курс
  • 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жамгиров Абай 4 курс
  • Екінші орын алғаны үшін марапатталғандар:
  • 57 келі салмақ дәрежесінде Қалиятов Ақжан 1 курс
  • 61 келі салмақ дәрежесінде Советхан Нурбек 1 курс
  • 65 келі салмақ дәрежесінде Саидов Дильшод 2 курс
  • 70 келі салмақ дәрежесінде Әзімбаев Жандос 2 курс
  • 74 келі салмақ дәрежесінде Оралов Абзал 1 курс
  • 86 келі салмақ дәрежесінде Полат Ақжан 3 курс
  • 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Базарбаев Олжас 4 курс

 

Үшінші орын алғаны үшін марапатталғандар:

  • 57 келі салмақ дәрежесінде Набатов Нурлан 2 курс
  • 57 келі салмақ дәрежесінде Оразәлі Самат 1 курс
  • 61 келі салмақ дәрежесінде Джамалов Ермек 1 курс
  • 65 келі салмақ дәрежесінде Балтабек Заманбек 1 курс
  • 65 келі салмақ дәрежесінде Есімбек Әди 1 курс
  • 70 келі салмақ дәрежесінде Хамзин Мирхан 1 курс
  • 70 келі салмақ дәрежесінде Өндірбай Еркебулан 1 курс
  • 74 келі салмақ дәрежесінде Шәкімбаев Амангелді 1 курс
  • 74 келі салмақ дәрежесінде Байдильдинов Нурсултан 4 курс
  • 86 келі салмақ дәрежесінде Әбдіхамит Сардар 1 курс
  • 86 келі салмақ дәрежесінде Қарсыбай Марсель 2 курс
  • 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Дулатов Орынтай 3 курс
  • 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Кенесбаев Каиржан 2 курс

 

Әділ төрешілігі, үздік техниканы көрсеткені, үздік лақтыру әдісін көрсеткені, қысқа мерзімді белдесу өткізгені, ерлік-жігерлігін көрсеткені үшін номинациялар бойынша марапатталды

  • Назаркенова Самал 1 курс
  • Әбубәкір Ернур 3 курс
  • Маканов Арлан 1 курс
  • Алтынбек Альжан 1 курс
  • Акильбеков Айбек 2 курс
  • Жанат Аман 2 курс
  • Минтаев Султан 1 курс
  • Ахмет Даулет 1 курс
  • Женісов Бөгенбай 2 курс
  • Құралбай Мейіржан 2 курс
  • Маилханов Еламан 1 курс
  • Мухаметкалиев Бауржан 1 курс

 

 

Академия тыңдаушыларының басқа да жетістіктері

Академияның түлегі, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақтың қызметкері Жолтаев Нұрбек тапаншадан атудан Қазақсан Республкасының чемпионы болып атанды.