Ғылыми кенес

Жоғары оқу орнының алқалы басшылығы Ғылыми кеңеспен ұсынылады, оның құзыреті Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жарғысымен бекітілген (бұдан әрі — Академия).

Ғылыми кеңес — Академияның тыныс-тіршілігіне қажетті маңызды деген сұрақтарын шешеді, дауыс беру, алқалы, демократиялы, бейресми алмасу жағдайларында оңтайлы шешімдер қабылдайды.

Ғылыми кеңес отырыстарында алқалы талқылауды талап ететін Академияның қызметіндегі маңызды сұрақтар қарастырылады: жаңа оқу жылына арналған ЖОО негізгі ісшаралар жоспарын қабылдау, Академияның кафедра, бөлім және қызметтердің іс-әрекеттеріндегі негізгі бағыттарын анықтау; факультеттердің, кафедралардың және тағы да басқа бөліністердің жұмысы туралы есептерін тыңдау; мемлекеттік емтихан, қабылдау емтихандарының қорытындысы, тыңдаушылардың тағылымдамадан өту қорытындысын өткізу; бөліністердің қызметін реттейтін құжаттарды қабылдау; ҒЗЖ жоспарының орындалуы, редакциялық-баспа қызметінің қызметі, ғылыми зерттеулердің жеке тақырыптары, тәрбие жұмысын талдау, халықаралық қызметтің келісімділігі, қаржы-шаруашылық қызметі және т.б.

Ғылыми кеңестің тарихы 1996 жылдың тамыз айынан басталады.

ҚР ІІМ Заң колледжінің жоғары мектеп болып құрылуына байланысты Ғылыми кеңес құрылды.

ҚР ІІМ ҚЖМ алғашқы ғалым хатшысы болып, психологиялық ғылым кандидаты, доцент О.Е.Сапарин (1996-1998жж.) қызмет атқарды.

1998 жылдың шілде айынан бастап 2001 жылдың маусым айына дейін Кеңестің жұмысын педагогика ғылымының кандидаты, полиция майоры Т.А.Ильина басқарды.

Одан әрі 2001 жылдың 4 маусымынан бастап 2002 жылдың 15 ақпанына дейін ғалым хатшы лауазымында философия ғылымының кандидаты, полиция майоры И.В. Симонов қызмет атқарды.

2002 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы болып, педагогика ғылымының кандидаты, әділет майоры А.К.Садықова қызмет атқарды.

2012 жылдың науырызынан 2015 жылдың шілдесі аралығында Ғалым хатшы заң ғылымдарының кандидаты, полиция майоры  Кужабаева Гульмира Тухасовна болып табылған.

2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың желтоқсан аралығында Ғалым хатшы заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі С.Н. Бачурин болды.

2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытта Ғылыми кеңестің жоспарлау, ұйымдастыру жұмыстарын ғалым хатшы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Е.Е. Серімов жүзеге асырады.

2017 жылдың 7 қыркүйек айында Академия бастығы Ғылыми кеңес Төрағасы заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция генерал-майоры М.А. Қызыловпен Ғылым кеңестің ғалым хатшысы экономика ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Қ.А. Жумабаев тағайындалды.

Ғылым кеңесі Академия қызметінің келешектегі мақсатын келісуде және ұйымдастырудаға басқарушы құрылымның маңызды элементі болып танылады.

Ғылыми кеңестің шешімі міндетті түрде барлық деңгейлеріне және Академияның құрылым бөліністеріне орындау үшін қажет..

Ғылыми кеңесте білімді, ҚР құқық қорғау қызметінің концепциясын жүзеге асыру сұрақтары талқыланады, барлық оқу нысанында тәрбиелеу процесін, оқу ұйымдастыруын жетілдірудің негізгі бағыттары әзірленеді.